• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қазан, 2017

Отырған қыз орнын таба алып жүр ме?

1311 рет
көрсетілді

Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – жал­пыұлттық «Егемен Қазақстан» газеті ел өңірлеріндегі, яғни облыстық, қала­лық, аудандық газеттерде жарияланған маңызды мақа­лаларды өз бетінде жарыққа шығаруды қолға алған болатын. Жаңа жо­баның жалғасы ретінде бүгін біз Дамира Молданазарованың Оңтүстік Қа­зақстан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жуырда жарияланған «Отыр­ған қыз орнын таба алып жүр ме?» атты мақаласын оқырман назарына ұсы­нуды жөн көрдік.

­­

Кәрi қыз... Қазақ ежелден ұлдың он жа­сын «қозы жасы», қыздың сол жасын «қонақ жасы» дескен. Буыны бекiген ұлын еңбекке баулыса, бұрымдысын ұзатудың қамына кiрiскен. Үлкендерден «Сұлуы сылаң қаққан үйден қонақ арылмайтын» деген сөздi жиi естимiз. «Қызды ауылдың итi жатпас» деген мақал да осыдан шықса керек. Аузынан ана сүтi кеппей жатып, жат жұртқа аттанған талай әжелерiмiз сол шаңырақтың ұс­тынына айналып, олардың өсиет-өне­гесi кейiнгiге үлгi болып келедi. Әңгiмесiн «он бесiмде келiн болып түстiм...» деп бастайтын көнекөздерiмiз әлi де арамыз­да жүр.

Сонымен, бiз мәселе етiп көтергелi отыр­ғ­ан кәрi қыз қайдан шықты? Кешегi тоқсаныншы жылдарға дейiн 20-дан асқан қызды отырған қыз санап келдiк. Ке­йiнiрек бойжеткеннiң 22-23 жасын­да тұрмысқа шығуы заңдылықтай кө­рiн­­дi. Тiптi 25-26-ға келген қыздың да ке­лешегiне онша алаңдай қойған жоқ­пыз. Ал қазiр отызға толмаған қыздың оң бо­­са­­ғада отыруының еш сөкеттiгi жоқ. Өйткенi жыл өткен сайын үйленудiң орташа жасы да көтерiлiп келедi. Сондай-ақ 29 жас шектiк жас деп есептеледi.

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан об­лыстық АХАЖ бөлiмдерiнде 21 716 неке тiркелген екен. 18-25 жас аралығындағы 16 287 қыз қалыңдық атаныпты. Ал 25-30 жас аралығындағылардың некеге тұру көрсеткiшi – 3691. Ақ босаға атта­ғандардың арасында жасы 35-тен асқан 1 520 кәрi қыз бар көрінеді. Ендi тақырыбымызға ойысайық. Шы­­нында бүгiнде кәрi қыздар неге көбейiп кеттi? Елiмiздiң демографта­ры мұны ең алдымен ер-азаматтар са­ны­ның аздығымен байланыстырады. Өйткенi жас­тай қайтыс болатындардың және қазаға ұшырайтындардың денi – ер-азаматтар. Ер-азаматтардың тағы­ бiр тобы... түрмеде отыр. Маскүнем­дiк­ке салынғандардың iшiнде де ер­кек­­тер­дiң саны басым. Мұны – бiр­­ деңiз. Екiншiден, психологтар қыздар­­дың 25-30 жас аралығында психоло­гия­лық тұрғыда толысатынын айта­ды. Бұдан кейiн нәзiкжандылар тұрмысқа шығуға асықпайды екен. Мамандардың пiкiрiнше, бойжеткен 17-23 жас аралы­ғын­да келiн атанып үлге­руi керек. Адам жа­нын зерттеушiлер жас­тықтың буы басылмаған бұл шақта бойжеткен кез кел­ген ортаға бейiмделiп кете алады дей­ді.

Бiрақ жатжұрттыққа жаралғандар­дың оң босағада отырып қалуына демо­графиялық теңсiздiк пен психологиялық толысу ғана себеп бола алмайды. Бұ­ған­ гендерлiк саясаттың да керi әсе­рiн тигiзiп жатқанын жасырмауымыз­ керек. Байқасаңыз, сiз көрген кәрi қыз­дар­дың көбiнiң азды-көптi табыс­тары бар, яғни өздiгiнен өмiр сүру­ге қа­бiлеттi. Басшылық қызметте жүргендерi қарапайым жiгiттерге мұрын шүйiре қарайтыны да құпия емес. Олардың бо­лашақ жарын «шертiп» жүрiп таң­дайтыны да сондықтан. Сөз салатын жiгiттердiң денi ажырасқан. Әйелi қай­тыс болған еркектiң балалары бар болып шығады. Өзi қамқорлыққа зәру кiрпияз кәрi қыз өзгенiң балаларына мейiрiм таныта ала ма? Бұл сауалдың жауабын бiр-ақ­ ауыз сөзбен бере алмайсыз.

Сүрбойдақтардың осы уақытқа де­йiн үйленбей жүруiнiң себептерi тiптi адам шошытарлықтай. Маскүнем, жал­қау, дөрекi мiнездi, тұрақсыз... тағы осы­лай жалғаса бередi. Мұндайларға талғамы жоғарылап кеткен кәрi қыздар көн­дiге қоя ма? Дәл қазiр басы бос қыз-келiн­шектердiң арасында мүлдем есiк көрмегендерден, ажырасқандар көбiрек. Қайтып келген қыздың қайта тұрмыс құруы қиын. «Аузы күйген үрлеп iше­дiнi» ұстанған олар кәрi қыздардың қата­рын көбейтiп жүр.

Елiмiзде 350 мың кәрi қыз бар деген мәлiмет осыдан бес жыл бұрын та­ра­ған едi. Қазақстанның демография ғылымының негiзiн салушы, саяси ғылым­дар докторы, марқұм Мақаш Тәтiмов 2012 жылы елiмiзде 500 мың кәрi қыз бен сүрбойдақтың барын айтқан болатын. Бұл, әрине, бейресми мәлiмет.

Кәрi қыздар көбейiп кеттi деп дабыл қақ­қан қоғам Үкiметтiң назарын бұл мәселеге аудара алды ма? Бiз өңiрдегi жасы 30-дан асса да босаға аттамаған қыз­дардың санын бiлу мақсатында облыс­тық статистика департаментiне ха­барластық. Департаментке қарасты әлеу­меттiк демографиялық статистика басқармасындағы жауапты қызметкер мұндай есеп жүргiзiлмейтiнiн айтты. Де­мек, қоғамда кәрi қыз көп, бiрақ, олардың санын ешкiм нақты бiлмейдi. Бұл не деген сөз? Бұл – бiзде жетiм-жесiрлердi, мү­ге­дектердi, тiптi сотталған-соттал­мағандарды да статистикалық есепке­ алады да, қазақтың қасiретi – кәрi қыз­дар­ға әлеуметтiк топ ретiнде көңiл бөлiн­бейдi деген сөз! Ұлттың қасiретi емей немене? Кәрi қыздың көптiгi – көтерілмеген ша­ңырақтың көптiгi, тумаған сәбидiң көп­тiгi. Егер демографтардың 350 мың кәрi қыз бар деген сөзi рас болса, әр ша­ңы­рақта кемiнде 2-3 сәбиден болуы тиiс десек, бұл 1 миллионнан астам ба­ла дүниеге келмей қалды дегенді біл­діреді. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл Екiншi дүниежүзiлiк соғыста қаза тапқан қа­зақтан үш есе көп!

Кәрi қыздардың көбеюiнен туатын тағы бiр мәселе бар. Ол – кәрi қыздардың әл­декiмдермен көңiл жарастыруы. Қо­ғамның моральдық бейнесiне нұқсан кел­тiретiн бұл жағдайды айтпасақ, жа­уыр­­ды жаба тоқығанымыз болып шығар еді. Әрине, көпке топырақ шашудан ау­­лақпыз. Бiрақ «отырған» қыздың ке­­мiнде 20 пайызын отау құрмай-ақ «тұрмысқа шығып алғандар» құрайды. Бойдақтармен бiр жастықта бас түйiс­тiрсе мейлi, өкiнiшке қарай, олар отбасы­лы азаматтарды жағалайды. Демек, қан­шама отбасына кәрi қыздардан төнетін қау­iп те аз емес.

Бұрындары қазақ қоғамы оң бо­са­ға­да отырып бала тапқандарды «шi­рi­ген жұмыртқа» санаса, дәл қазiр не­ке­сiз туғандарды «соттауға» ешкiм асық­­пайды. Ата-анасының жүзiн жерге қа­рат­­паймын деп абыройын сақтаған кә­рi қыз қоғам, мемлекет назарынан тыс­ қалды да, «шатасып» көшеден ба­ла туғандар жалғызбасты ана ретiнде әлеу­меттiк топқа жатқызылып, тегiн баспанадан да, басқа көмектен де құр қалып жат­­қан жоқ. Осыдан кейiн «мемлекет тарапынан көрсетiлетiн қолдау арқылы некесiз баланың көптеп тууын насихаттап жүрген жоқпыз ба?» деген де ой мазалайды.

Біздіңше, бүгінде кәрi қыздарды сөз­ еткеннен гөрi кәмелетке толмаған қыз­дың уақытында тұрмыс құруына баса на­зар аударған дұрыс секілді. Ұлттық дәс­түрге негiзделген тәрбиенi күшейту ке­рек. Тәрбиесiн талбесiктен түземесе, кейiн кеш болады. Бiздегi бiлiм жүйесi қызға да, ұлға да болашақ кадр, еңбек ресурсы ретiнде ғана қарайды. Әсiресе, жаңартылған оқу бағдарламасы қыз баланы отбасынан алшақ, есесiне қоғамдық қызметке белсене араласатын азаматша етiп шығарғысы келедi. Сабақтан бас алмаған бала бiлiмнiң соңынан кетедi де, отбасын құруды, бала сүюдi маңызды деп таппайды. Бiлiмiмен биiк белестi бағындырған қыз бiреуге бағынып, оның кiр-қоңын жуып, тамағын әзiрлеуге ынта таныта қоймасы анық. Оның да кейiн кәрi қыз атанбасына кiм кепiл?

Қыз – ана. Басты арманы жар құшып, ба­ла сүю болуы тиіс. Тәкаппарлық, әде­мiлiк, кербездiк, кiрпияздық, мансап, дүние табу, бiлiм қуу – бәрi-бәрi мұның алдында түк емес. Олай болса, «Қыз мұраты – кету» деп атам қазақ тектен-тек­ айтпаса керек.

Асылбек СМАҒҰЛОВ, Мәжiлiс депутаты: – Жатжұрттыққа жаралған қыз­дардың ең бiрiншi кезекте тұрмыс құрғаны дұрыс. Сондықтан кәрi қыз­дарға әлеуметтiк қолдаудан бұрын, олар­ға рухани дем беру керек. Отбасы құн­дылықтарын, ұрпақ тәрбиелеудi дәрiптейтiн орталықтар ашып, кәрi қыздарды мүшелiкке тарту керек. Олардың өмiрге деген көзқарасын өзгертетiн түрлi шаралар ұйымдастыруды қолға алғанымыз жөн. Бiр кездерi Парламентте көп әйел алу мәселесi көтерiлген едi. Мұны терiс түсiнген кейбiреулер кертартпа пiкiрлерiн бiлдiрдi. Жасыратын түгi де жоқ, көп әйел алу – нәпсiқұмарлық емес, ұрпақ өрбiтуге деген талпыныс. Бұл – кенжелеп қалған демографияны дамытудың жолы. Дәстүрiнiң дiңгегi Исламмен астасып жатқан бабалар жолын өрге сүйреу. Барлығы келiсiммен, өз қалауымен болып жатса, отбасы боламын дегендердiң жолын кесу әдептiлiкке жатпас. Оң босағада отырғандар жайлы әлi де ойланатын мәселе көп.

Жаңыл ҚАРАБЕКОВА, зейнеткер, көп балалы ана: – «Өлiмнен ұят күштi» деп өскен бiз­дiң кезiмiзде кәрi қыз деген атымен жоқ едi. Жесiрдiң жалғыздығы жан­ға батқаны сонша, жыл өтiсiмен әмең­герлiкпен қайныларының бiрiне қосатын. Қазiр ай десе аузы, күн десе көзi бар қыздардың өзi оң босағада отырып қалып жатыр. Бiрi оқимын деп жүрiп қалса, ендi бiрi жұмыс iстейiн, ата-анама пайдам тисiн деп жүрiп жасы бiразға келiп қалғанын байқамай да қалады. Ал сосын ақыл тоқтатып қалған қызға екiнiң бiрiнiң ұнай қоюы екiталай. Кәрi қыз кiнәмшiл келетiндiктен бе, олар кез келген азаматтың етегiнен ұстап кете бермейдi. Таңдайды. Сөйтiп жүрiп уақыт өткiзiп алады. Мен он бесiмде ақ босаға аттадым, 13 құрсақ көтердiм. Қазiр той-томалақ, ас-жиында келiндерiме, қыздарыма ақылымды айтып отырамын.

Асылбек СМАҒҰЛОВ, Мәжiлiс депутаты: – Жатжұрттыққа жаралған қыз­дардың ең бiрiншi кезекте тұрмыс құрғаны дұрыс. Сондықтан кәрi қыз­дарға әлеуметтiк қолдаудан бұрын, олар­ға рухани дем беру керек. Отбасы құн­дылықтарын, ұрпақ тәрбиелеудi дәрiптейтiн орталықтар ашып, кәрi қыздарды мүшелiкке тарту керек. Олардың өмiрге деген көзқарасын өзгертетiн түрлi шаралар ұйымдастыруды қолға алғанымыз жөн. Бiр кездерi Парламентте көп әйел алу мәселесi көтерiлген едi. Мұны терiс түсiнген кейбiреулер кертартпа пiкiрлерiн бiлдiрдi. Жасыратын түгi де жоқ, көп әйел алу – нәпсiқұмарлық емес, ұрпақ өрбiтуге деген талпыныс. Бұл – кенжелеп қалған демографияны дамытудың жолы. Дәстүрiнiң дiңгегi Исламмен астасып жатқан бабалар жолын өрге сүйреу. Барлығы келiсiммен, өз қалауымен болып жатса, отбасы боламын дегендердiң жолын кесу әдептiлiкке жатпас. Оң босағада отырғандар жайлы әлi де ойланатын мәселе көп.

Жаңыл ҚАРАБЕКОВА, зейнеткер, көп балалы ана: – «Өлiмнен ұят күштi» деп өскен бiз­дiң кезiмiзде кәрi қыз деген атымен жоқ едi. Жесiрдiң жалғыздығы жан­ға батқаны сонша, жыл өтiсiмен әмең­герлiкпен қайныларының бiрiне қосатын. Қазiр ай десе аузы, күн десе көзi бар қыздардың өзi оң босағада отырып қалып жатыр. Бiрi оқимын деп жүрiп қалса, ендi бiрi жұмыс iстейiн, ата-анама пайдам тисiн деп жүрiп жасы бiразға келiп қалғанын байқамай да қалады. Ал сосын ақыл тоқтатып қалған қызға екiнiң бiрiнiң ұнай қоюы екiталай. Кәрi қыз кiнәмшiл келетiндiктен бе, олар кез келген азаматтың етегiнен ұстап кете бермейдi. Таңдайды. Сөйтiп жүрiп уақыт өткiзiп алады. Мен он бесiмде ақ босаға аттадым, 13 құрсақ көтердiм. Қазiр той-томалақ, ас-жиында келiндерiме, қыздарыма ақылымды айтып отырамын. Дамира МОЛДАНАЗАРОВА

Оңтүстік Қазақстан облысы