• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қазан, 2017

Ақтаудың ажарына арабтар атсалысады

432 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Біріккен Араб Әмірлігінен келген (БАӘ) Шейх Сурур бин Мұхаммед әл-Нахайян мен Шейхтың Қазақстандағы өкілі Мұхаммед Бахушты қабылдады.  

Кездесу барысында Шейх Сурур бин Мұхаммед әл-Нахайян облысқа инвестиция салып, іс бастауға әзір екендігін айтып, Ақтау қаласында жүзеге асырылатын жобаларын көрсетті.

«Алдағы уақытта Ақтау қаласының гүлденуіне біз де өз тарапымыздан үлес қосқымыз келеді. Алдымен теңіз жағасындағы үңгірлерді әдемілеп, ретке келтіруді қолға аламыз. Одан бөлек 35 қабатты тұрғын үй салу, соңғы үлгідегі мейрамхана, сауда орталықтары мен алаңдарды тұрғызуды да жоспарлап отырмыз. Туристерді Маңғыстау облысына тарту үшін барлық жағдайды жасаудың жолын қарастырамыз. Аталған жобалар қолдау тапса, келер жылы құрылыс жұмыстары басталады. Осылайша, алдағы уақытта да екі ел арасында табысты ынтымақтастық қатынас нығая түседі деп үміттенемін», – деді жиында сөз алған Мұхаммед Бахуш.

Кездесу соңында екі тарап Маңғыстау облысы мен Біріккен Араб Әмірлігінің ұйымдастыруымен экономикалық форум және түйелер жарысын өткізуге уағдаласты.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»