• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Қазан, 2017

Ертең Қытай коммунистік партиясының құрылтайы өтеді

375 рет
көрсетілді

Дəл қазір Қытай коммунистік партиясының ХІХ құрылтайына тіркелген 1818 журналистке арналған баспасөз мəслихаты өтуде.

Бұл жиында ертең жұңғо жұртының астанасында өтетін жалпыхалықтық құрылтайдың мән-жайы пысықталуда. Бұл мәслихат барысы Қытай теледидарынан тікелей эфир арқылы көрсетілуде.

Съезд жұмысынан ақпарат таратуға барлығы 3068 журналист жиналған. Оның ішінде 1818 шетелдік БАҚ өкілдері бар.

Жалпы саны 2287 делегет қатысатын съезд ертең таңертең жұмысын бастайды.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

ҚХР