• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қазан, 2017

Бармысың, балалар дәрігері?

528 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 

Кездесуде еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламасы арқылы атқарылған жұмыстардың аралық нәтижелері және оны одан әрі іске асыру жөніндегі жос­парлар талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық диқандарын астық жинау науқанының табыс­ты аяқталуымен құттықтады.

– Жаз айларының басындағы күрделі жағдайға қарамастан, ауыл еңбеккерлері айтарлықтай көлемде астық жинады. Ішкі қажеттілікті қанағаттандыруға және өнімімізді экспортқа шығаруға мүмкіндік бар. Жалпы, барлық мәліметтер оң қарқынды көрсетіп отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы­ның ел экономикасындағы маңызды рөліне тоқ­талып, осы салаға бөлінген қаржыны пай­да­ланудың тиімділігі төмен екенін атап өтті.

– Аграрлық сектор экономикамыздың қоз­ғаушы күші болып саналады. Оған мемлекет көп қаржы құйып жатыр. Оның тиісті қай­тарымы болуға тиіс еді, бірақ, өкінішке қарай, олай болмай отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге Қазақстан Президенті биылғы астық жинау науқаны жоғары қар­қын­мен жүргізілгенін айтты.

– Биыл 21,7 миллион тонна астық жиналып, орташа өнімділік гектарына 14,2 центнер­ден болды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда, көбірек. Белгіленген жоспарға сәйкес, біз тұтынушылық кооперацияны дамытумен, тұқымдық қорды жақсартумен және мал шаруашылығының өнімділігін арттырумен айналыстық, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы өнімділігінің көлемін еліміздің ғылыми әлеуетін пайдалана отырып арттыру қажет­ті­гіне назар аударды. Асқар Мырзахметов Қазақстан Пре­зи­дентіне агроөнеркәсіптік кешеннің мем­ле­кеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруа­шылығының 12 басым ба­ғытын одан әрі да­мытудың арнайы кар­таларын әзірлеу барысы жөнінде баян­дады.

Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Сурет Президенттің  баспасөз қызметінен алынды