• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 18 Қазан, 2017

ҚР Президенті халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы бірқатар заңға қол қойды

441 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Сербия арасындағы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы келісімдерді ратификациялау туралы бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы төмендегі заңдарға қол қойды:

— «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы»;

— «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы»;

— «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы»; 

— «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы».

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар