• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қазан, 2017

Атырауда құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

525 рет
көрсетілді

Атырау қаласында құқық қорғау орталығы ашылды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі. 

Мұнда білікті заңгерлер, адвокаттар, медиаторлар, сот орындаушылары, нотариустар, ювеналды қызмет және пробация қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Өтініштерді прокурорлар да қабылдайды.

Орталықтың ашылу салтанатына Атырау облысысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты. Ол орталықтың облыс тұрғындары үшін маңыздылығын атап өтіп, прокуратура ұжымына алдағы еңбекте сәттілік тіледі. Сондай-ақ өңір басшысы орталық офисімен танысып, қызметкерлермен тілдесті.

Облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловтың айтуынша, бұрын азаматтарға әртүрлі құрылымдарға бару үшін қаланың бір шетінен екінші шетіне жүруге тура келген, ал енді керекті құрылымдардың өкілдері бір жерде орналасады.