• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қазан, 2017

Риддерде жүз тонналық «20» саны жасалды

334 рет
көрсетілді

Риддер металлургия кешенінде компанияның мерейтойы құрметіне мырыш қатқабаттарынан аумағы тоқсан шаршы метрдей болатын көлемді сандар жасалды. «Казцинк» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс басқармасы осылай деп хабарлады.

Металлургия өндірісінің жұмыскерлері өз компаниясының айтулы мерекесі – жиырма жылдығы ешкімге ұқсамайтындай етіп бірегей түрде құттықтауды ұйғарыпты. Олар кешен аумағында өзгеше құттықтау инсталляциясын орнатты.

– Біз өзіміздің сүйікті компаниямыз – «Казцинк» жиырмаға толған жылы «қарапайым» ғана кәдесый жасадық, – дейді кешен қызметкерлері. – 85 мырыш қатқабатынан немесе 4 590 құймасынан  алып цифрлар «қалап шықтық». Алып компанияға – алып сыйлық! Жұмыс кезінде бірде-бір құйма бүлінген жоқ.

Үлкен цифрды жасаған кезде төрт электр тиегіш пайдаланылыпты, оларды өз мамандығының шеберлері – Бауыржан Қаржаубаев, Данил Иванников, Ерасыл Оразаев, Сергей Конюхов басқарған көрінеді. «Құттықтау» алаңы – 90 шаршы метрдей. Ал оның жалпы салмағы – 100 тоннаға жуық.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

РИДДЕР

Соңғы жаңалықтар