• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Үкімет 19 Қазан, 2017

Үкімет үйінде Қырғыз Республикасы делегациясымен келіссөздер аяқталды

254 рет
көрсетілді

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Үкімет үйінде Қазақстан республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қырғыз Республикасы Премьер-Министрі Сапар Исаков шағын және кеңейтілген отырыста шекара, транспорт, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау, ЕЭО, ДСҰ ережелері мен нормаларына сай кеден және салық әкімшілігін жүргізу бойынша сұрақтар қарастырылды.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев "Қазақстан Республикасының Президенті айтқандай, бауырлас мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас нәтижелі және өзара тиімді ынтымақта үлгі болуы тиіс", деп атап өтті.

Өз кезегінде Қырғызстан Премьер-Министрі Сапар Исаков Қырғыз тарапынан салмақты делегацияның келгенін атады.

"Қырғызстан Премьер-Министрі ретінде конструктивті жұмыс істеуге бейілдімін", деді ол.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар жеке жүгі бар физикалық тұлғалар үшін қазақ-қырғыз шекарасындағы тәртіпті, жолаушылар автобусымен, жеңіл және бос жүк автотранспорт құралдарын тұрақты қамтамасыз етуге келісті. Одан бөлек, екі елдің Премьер-Министрлерінің төрағалығымен экономикалық қатынастардың маңызды сұрақтары бойынша бірлескен "Жол картасын" әзірлеуге жұмыс тобын құру шешімі қабылданды.