Айлары асығыс, күндері қауырт өтіп жатқан қоғамның мейірім мен қайырымға, аялы алақанға мұқтаж екені жиі байқалады. Тағдыр жазуымен егде жаста жалғыз өмір сүруге мәжбүр қарттар мен дерттері жас талғамайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де ыңғайлы, біртұтас ағзадай жүйелі жағдай жасау – біздің қоғам алдында тұрған маңызды міндет.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть
Əр зайырлы мемлекеттің дамуы халқының өмір сүру деңгейіне байланысты сараланады. Бұл орайда еліміз әлеуметтік міндетін айқындаған жұмыстар жүргізіп келеді. Мәселен, Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен құрылған «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКҚК былтырғы 1 сәуірден бастап жеке мемлекеттік мекеме ретінде қызметін жүйелі атқаруда. Əлеуметтік қызмет көрсету орталығының құрамындағы 10 бөлімшенің бесеуі тағдыры қиын жағдайға душар болған жандарға (жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге) барынша жағдай жасау бағытында жұмыс істейді.
Бөлімшелер тіркеудегі 400 қызмет алушыға арқа сүйер демеуші болып, кейбірі отбасының бір мүшесіндей дәрежеге жетсе, енді бір қызмет алушылар қалауы бойынша орталық мамандарының көмегімен гидро және физио ем-шараларын, массаж, емдік дене шынықтыру сияқты көптеген оңалту шараларын қабылдап, дертіне шипа табуда.
Орталықтың əлеуметтік қызметкерлері қызмет алушылардың əрқайсысымен жекелей қарым-қатынас орнатып, олардың талап-тілектерін тыңдап, мейлінше толыққанды өмір сүру салтын жеңілдетуге күш салуда. Олардың ішінде жалғызбасты зейнеткерлер, соғыс ардагерлері, соғыс ардагерлерінің жесірлері, тыл еңбеккерлері мен тың және тыңайған жерлерді игеруге атсалысқан қарттар да бар. Осындай тағдырлары тоғысқан қарттардың құлазыған көңіл күйін жадыратып, мағынаға толтыру мақсатында Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мәдени шаралар ұйымдастыруға да аса мән береді. Мысалы, қалалық саябақтар, мұражайлар және қаланың көрікті жерлеріне, қаладан тыс Бурабай демалыс аумағына саяхаттар, мерекелерге орай ұйымдастырылатын концерттер, цирк және тағы сол тәрізді шаралар орталық салтына айналып отыр. Атаулы мерекелер – Наурыз мейрамы, Астана күні, Жеңіс күні, Қарттар күні, Жаңа жыл қарсаңында және ЭКСПО-2017 көрмесі аясында әр қызмет алушының мерекені сезінуі үшін ілтипатпен жеке сыйлықтар табыстады.
Ел болып еңсе түзегеннен бері елімізде қаншама рет әлемдік деңгейдегі шаралар өтті. Осы жылдардағы ЭКСПО-2017 сияқты халықаралық көрмеге Астана қаласы бойынша Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушылары да қатысып, таңғажайып көрменің көңілді көрермендерінің біріне айналды. Сонымен қатар орталықта қызмет алушылардан құралған «Ностальгия» вокальдық тобы жұмыс атқаруда. Топтың көркемдік жетекшісі – Жекен Тебереков. Өнерпаздарымыз қала деңгейінде өтіп жатқан мәдени іс-шараларға белсене атсалысады.
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының Қазақстан бойынша сынамалы жоба ретінде ашылған алғашқы мекеме екенін ескерер болсақ, осындай жүгі ауыр көшті бастап жүрген Рысты Жағыпарқызы мен «әлеуметтік қызметкер» атағын абыроймен алып жүрген, өз жұмысына шын ықыласпен кірісетін әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін ерекше атап өтуге болады. Олар үшін өзгенің проблемасы деген түсінік жоқ, қиналған адам көрсе қолұшын созып, көп саралап жатпай қолынан келген көмегін көрсетеді. Әлеуметтік қызметкерлердің осы салада тұрақтап қалуы да осы қасиеттерінде. Жалақысы мардымсыз бола тұра, қызмет алушының бабын табу мақсатында қалтқысыз қызмет ету дене күшімен бірге психологиялық табандылықты да қажет етеді. Бұл жерде адамның діні, нәсілі, ұлты, жасы, білім деңгейі немесе қоғамдағы мәртебесі маңызды емес. Тек қана кең жүректі, адами бейнесі айқын, өзінен гөрі өзгелерге болсын дейтін адамның ғана қолынан келері анық. Айналамызда осындай мейірімді адамдардың көп болғаны қандай ғанибет!
Айнұр ДІЛДЕБАЕВА, І және ІІ топтағы мүгедектерге, егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға әлеуметтік көмек көрсететін №1 бөлімшенің меңгерушісі
АСТАНА