• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2011

Қазақстан – өңірдегі өкіл

377 рет
көрсетілді

Кеше Сеул қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бастаған делегация Азия сайлау органдары ассоцияциясы Бас ассамблеясының жұмысына қатысты. Азия сайлау органдары ассо­ция­циясы (АСОА) 1998 жылы құ­рылған. Оның мақсаты Азиядағы демократиялық үдерістерді, Азия елдерінің сайлау органдары ара­сын­дағы ынтымақтастықты те­рең­дету, ақпарат және тәжірибе алмасу, сайлауларды байқау, сай­лауға әкімгершілік ету мәсе­ле­лері бойынша консультациялар өткізу арқылы кеңейту болып табылады. Ассамблеяда үш жылда бір рет өткізіліп отыратын Бас ассамблеялар аралығында АСОА-ның басқарушы органы болып табылатын Атқарушы кеңестің жаңа құрамы сайланды. АСОА төрағасы болып Корея Республикасының Ұлттық сайлау комиссиясы, төрағаның орын­ба­сары болып Үндістан­ның Сайлау комиссиясы сай­лан­ды. Корея Рес­публикасы Ұлт­тық сайлау ко­миссиясының төр­ағасы Нунг-Хван Кимнің ұсы­нысы бойынша Филиппин мен Тайваньның ор­та­лық сайлау ор­гандарымен қатар, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы үш жыл мерзімге Атқарушы кеңестің мүшесі болып сайланды. Атқарушы кеңестің құрамы тең географиялық өкілдік қағи­да­ты негізінде қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Ор­та­лық сайлау комиссиясы Ор­та­лық Азия өңірінен өкіл ретінде сайланды. «Егемен-ақпарат».