• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қазан, 2017

Қ.Сұлтанов: Ұлттық теле-радионың игілігін көру керек

274 рет
көрсетілді

Жазғы кездесулер кезінде өңірлерде сайлаушылар көтерген бір маңызды мәселеге Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұ­ма­­ғалиевтің назарын аударып, нақты шара қол­­дануын өтініп, депутаттық сауал жолдадық. 

Ол мәселе – көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақтардың ақпараттық қауіпсіздік технологияларын жаңа сапаға көтеру қажет­тілігі. Мемлекетіміздің солтүстігінде, сол­түстік шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік шығысында, шығысында және батысындағы шекаралық аумақтарда, шамамен 150-200 шақырым ендіктегі елді мекендердегі кеңіс­тікте біздің ұлттық телевизия, радио, ұялы телефон сигналдары нашар, кейбір жерлерде мүлдем естілмейді, өтпейді. Алматы облы­сы сияқты үлкен облыстың шалғай елді мекен­деріне қазақ радиосының үні жетпейді, ал об­лыстық радио жоқ. Керісінше, көрші мемле­кет­тердің дауысы мен ақпараты саңқылдап, сайрап тұр. Солтүстік облыстарда да жағдай осылай. Өйткені олардың (көршілердің) ғарыштағы стансалары өте қуатты. Осы өңірлерде тұрып, тіршілік құрып отырған Қазақстан азаматтары өз елінің ақпараттарын көп жағдайларда көршілес елдердің коммуникациялық желілері арқылы алуға мәжбүр.

Қазір ақпаратқа деген сұраныс та, оны тұ­ты­нушылар да бұрын-соңды болжанбаған көлемде еселеп өсуде. Яғни, мемлекеті­міз­дің ақпараттық қауіпсіздік әлеуетін, ком­му­никациялық сапасын Елбасының цифрландыру талаптарына сай қуаттандырып, оларды өз мемлекетіміздің мүддесіне қызмет еттіру мақсатында осы уақытқа дейінгі бағдарламаны түбегейлі өзгертіп, қайта жасақтау қажеттілігі туындап тұрғаны күмәнсіз. 

Екіншіден, мемлекет мүддесі үшін барлық облыстарға хабар тарататын ұлттық телевизия арналарымен қатар, әсіресе Алматы, Шы­ғыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүс­тік Қазақстан, Батыс Қазақстан сияқты ше­ка­ра­лық облыстардың ақпараттық кеңістіктері мен олардың мүмкіндіктерін, бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру шараларын қарастыру керек. Сонымен қатар Асқар Жұмағалиевтан об­лыстық радиоларға әуе толқынын қайта қарап, бөліп, бекітіп, олардың жұмысын тех­но­логияның жаңа талаптарына сай ұйымдас­ты­руға пәрмен беру қажеттігі сұралды. Осы өтінішті қолдап ондаған әріптестерімнің қол қоюына қарағанда, барлығы да аймақтарда болғанда осы проблемамен танысқаны көрініп тұрды. 

Қуаныш СҰЛТАНОВ, 

Мәжіліс депутаты