• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 08:53

Саладағы цифрлық серпін

20 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында «Білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» ашылып, өңірдегі білім жүйесін цифр­ландыру мен инновациялық дамыту бағытында жүйелі жұмыс басталды.

Бұл орталықтың қызметі не­гізгі төрт салаға бағыт­талып, заман талабына сай нақты жобалар жүзеге асып жатыр.

«Біздің орталық инфра­құ­рылымды дамытып қана қой­май, білім саласына стартап фор­ма­тындағы жаңа бастамалар­ды енгізуімен ерекшеленіп келеді. Бұл жобалар білім беру­дің тиімді­лігін арттырып қана қоймай, өңірде цифрлық мәдениетті қалып­тасты­руға ықпал етеді. Біз жаңа­шыл бас­тамалар арқылы Батыс Қазақстан облысындағы білім жүйесін жаңа деңгейге көтеруді мақсат етіп отырмыз», дейді орталық директоры Ақан Бижанов.

Орталық қолға алған бірінші бағыт – білім саласын цифрландыру және IT-инфрақұрылымды дамыту. Бұл бағыт аясында «Smart School ZKO» стартап жоба­сы іске асырыла бастады. Жоба мек­теп­тердің цифрлық экожүйесін қа­лып­тастыруға бағытталған. Яғни электрондық журнал, цифрлық кітапхана, бейнебақылау және мектепішілік басқару жүйелері бір платформаға біріктіріледі. Сонымен қатар «IT Support 24/7» жобасы арқылы білім ұйымдарына тәулік бойы техникалық қолдау көрсететін жүйе іске қосылады.

Екінші бағыт – білім мони­торингілеу және талдау. Орталық бұл бағытта «Bilim Analytics» стартап жобасын жүзеге асы­руға кіріскен. Бұл жоба білім ұйым­дарының көрсеткіштерін автоматты түрде жинақтап, талдауға мүмкіндік береді. Жүйе арқылы мектептердің рейтингі, білім сапасы, қатысу деңгейі секілді негізгі индикаторлар нақты уа­қыт режімінде көрініп тұрады. Бұл басқару шешімдерін жедел қабылдауға жағдай жасайды.

Орталықтың үшінші бағыты – медиа және ақпараттық сүйе­­мел­деу. Бұл бойынша «EduMedia Hub» стартап жобасы іске қо­сылған. Жоба аясында мұғалімдер мен оқушыларға арналған сапалы цифрлық контент (бейнесабақтар, подкасттар, әлеуметтік роликтер) әзірленеді. Сонымен қатар «Digital Teacher» бастамасы арқылы педа­гог­тердің жеке брендін дамы­ту­ға, әлеуметтік желілерде кәсіби контент жүр­гізуге қолдау көрсетіледі.

Ал соңғы, төртінші бағыт – жобалау және инновациялық баста­маларға арналған. Бұл бағытта «AI Mektep» қанатқақты стартап жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба жасанды интеллект элементтерін оқу үдерісіне енгізуді көздейді. Атап айтқанда, оқушының білім деңгейін талдайтын адаптивті жүйелер, автоматты тексеру платформалары және цифрлық ассистенттер енгізіледі. Сонымен қатар «Startup School ZKO» жобасы арқылы оқушылардың кәсіпкерлік және с­тартап мәдениетін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Міне, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария­лаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында Ақжайық өңірінде осындай жүйелі жұмыс қолға алынды. Ақан Мәлікұлының айтуынша, бұл игі бастамалардың жемісі көп кешікпей көріне бастауға тиіс.

 

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар