Президент Әкімшілігінің келісімімен Қанат Маратұлы Сәрсембаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Қ. Сәрсембаев Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін халықаралық құқық, заңгер мамандықтары бойынша тамамдаған, заң ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1998 жылы «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының заңгері қызметінен бастаған.
2000-2002 жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігі заң департаменті құқықтық сараптама басқармасының құқықтық мәселелер және құқықтық түсіндірулер жөніндегі даулар бөлімінің бас маманы болып еңбек еткен.
2002-2005 жылдары Президент Әкімшілігі заң шығару және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы болған. 2005-2011 жылдары Конституциялық Кеңес құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі болып еңбек еткен
2011 - 2015 жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.
2015 жылдан аппарат басшысына тағайындалғанға дейін Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі болған.
Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»