Облыс әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Шиелі аудандық мәслихатының келісімімен Шиелі ауданының әкімі лауазымына Оразбекұлы Әшім тағайындалды.
Ә. Оразбекұлы 1957 жылы туған. Пенза инженерлік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист» және Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «тау-кен инженері» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1974 жылы Шиелі ауданындағы Коммунизм ұжымшарының жұмысшысы ретінде бастаған.
1984-1992 жылдары Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының құрылысшы – бас инженері, «Қазақстан коммунистік партиясы» Шиелі аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «Облремстрой» тресінің Шиелі құрылыс-жөндеу учаскесінің бастығы.
1992-2003 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Шиелі ауданы әкімінің кеңесшісі, «Құрылыс материалдары» акционерлік қоғамының президенті, Шиелі кентінің әкімі.
2003-2011 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының №6 Кен басқармасы құрылыс бөлімінің басшысы, «Иіркөл» кенішінің бастығы.
2012 жылғы қаңтар айынан бастап Шиелі аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келді.