• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Қазан, 2017

Шашылып түскен асықтар

666 рет
көрсетілді

Мың жасаған шаһардың «Арбат» аталатын көшесінің бастауы жөндеуден өткелі бұрынғыдан да құлпырып сала берді. Жібек жолы көшесінің бұл иірімі бұрын суретшілердің буырқанған бояуларының әдемі өрнектері буырқанып өткіншілерді өзіне шақыратын. Енді алаңқайдағы шашылып түскен асықтар жұртшылықтың көңілін аудартады.

Үлкен көшенің ортасында шашылып түскен асықтар қазақ халқының ұлттық ойыны бір түрі болып саналады. Ол күндіз де, түнде де ойналады. Мәселен, күндізгісі мергендікке, түндегісі ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай Асық алшы, тәйке, бүк, шік деп аталады. Ал, атуға арнап жасалғандары сақа, жақсылары оңқай деп бөлінеді. Мына асықтарға қарап тұрып, балалық кезеңдегі ойындар еске түседі. Оның мына түрлері ойға оралады сонда, құмар, тәйке, омпы, алшы, хан ату, қақпақыл тағы басқалары болып кете беретін.

Ойынға 2-4 бала қатысатын. Жеңу үшін әрқайсысы жақсы жонылған, табаны қайралған төрт асығы болуы шарт. Ойыншылар өзара келісіп, жеңімпазға жүлде тағайындап алады да, кезекпен төрт асықты атады. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тайкі түсірсе  жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе қойылған жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді.

Қызық, мынау шашылып түскен аппақ асықтарды көрген балалар таңырқай қарайды. Оларға таңсық қой. Мына күзгі каникул күндері әдемі тағлымды елестетеді. Көріңіз, ескерткіш дегенде көп ғой, оның түрі де, мазмұны де сан түрлі болса келеді... 

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»