• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Қараша, 2017

Сирия оппозициясы Назарбаевтың тұтқындар мәселесін талқылауға араласуын сұрады

239 рет
көрсетілді

Сирияның қарулы оппозиция делегациясы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сотталғандарды босату мәселесі туралы талқылап, араласуына өтініш білдірді. Бұл туралы Сириядағы қарулы оппозиция делегациясының өкілі Фатех Хасун «РИА Новости» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

Таңертең Қазақстан Сыртқы істер министрімен кездескен кезде, гуманитарлық мәселелер бойынша жұмыс істейтіндерін және Сирия халқы үшін бейбітшілікті қамтамасыз етуге, көмектесуге уәде берді. Кейін делегациямен Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысының орынбасары кездесті. «Бізге өтінішіміздің Нұрсұлтан Назарбаевқа жеткізілгені және барынша көмектесуге уәде бергендігі туралы жеткізді», - деді оппозиционер.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ведомство басшысы Қайрат Әбдірахманов Сирия Үкіметі мен қарулы оппозиция өкілдерімен кездесті. Қос тарап Сирия бейбіт келіссөздері бойынша Қазақстанның бейтарап ұстанымы мен келіссөз процесінің ұйымдастыру жұмыстары үшін Қазақстан жетекшілігіне ризашылығын білдірді. Еске сала кетсек, 30 қазан күні Астанада Сирия келіссөздері бойынша жетінші отырыс басталды.