• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2011

«Халық дауысы» – бұл нақты талап, орынды ұсыныс

551 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» халықтық-демо­кратиялық партиясы еліміз бой­ын­ша «Халық дауысы» атты ар­найы шара өткізіп жатқаны белгілі. Қа­зан айының 10-ы күні бастау алған бұл шараға облыс жұрт­шылығы да белсене атсалысуда. Аудан-ауыл­дарды айтпағанның өз­інде, бір ғана облыс орталығы тұрғындары ұсыныстар қабыл­дай­­тын арнайы жәшіктер арқылы үш мыңнан астам өтініш-тілектер тү­сірген. Яғни, жұрттың көкейін­де өздерін толғандыратын мәселе­лер, ұсы­ныс-тілектер аз емес деген сөз. Ал жалпы, бұл шараның ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қар­саңында өтуі де маңызды. Өйт­кені, бүгінде еліміз даму жолына нық түсті. Олай болса, билеуші саяси партия да жаңа басым­дық­тар­ды ба­­ғындыруы, тың баста­ма­лар­ды қол­ға алуы тиіс. Олар әрбір қазақ­стандықтың ой-пікірі, ұсы­ны­сы арқылы пайымдалмақ. Қазір осы шараға орай, облыс орталы­ғын­да 40-қа жуық бөлімше жұмыс істеп тұр. Олардың барлы­ғы ірі сауда орталықтары мен кәсіпорын­дар­да, түрлі дәрежедегі оқу орын­да­рын­да, жалпы адамдар қарасы көп шо­ғырланған орын­дарда орналасқан. Сондай-ақ, шараға партияның бастауыш ұйымдары белсене қа­тысуда. Қолдау шаралары да өту­де. Облыс орталығындағы «Дос­тық үйінде» этно-мәдени бірлес­тік­тер­дің өкілдері бас қосты. Қазақстан халқы Ассамблеясы об­лыстық фи­лиалы жанынан құ­рыл­ған бастау­ыш партия ұйымы мүшелері рес­публикалық шара­ның маңызды­лығын сөз етіп, ұсыныст­арын ор­таға салды. Олар «Халық дауысы» елдегі саяси-әлеуметтік тұрақты­лықты сақ­тау­ға жол ашып, билік пен халық ара­сында өзара ортақ түсіністік орнатады деген пікірде. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.