• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис 14 Ақпан, 2026

Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті

20 рет
көрсетілді

Жұптық сайыста Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Анна Данилина Қатардың Доха қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қазақстандық теннисші жарыста сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетті.

Финалда Данилина мен Крунич латвиялық Елена Остапенко мен тайбэйлік Се Шувеймен кездесті.

Шешуші кездесу Анна мен Александраның жеңісімен аяқталды - 0:6, 7:6, 10:8.

Айта кетейік, Аустралия ашық чемпионатында Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің үшінші ракеткасы атанған Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанған еді.