• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қараша, 2017

Нұрғали Ораз. Бала кездегі өкініш

495 рет
көрсетілді

Әжем екеуміз кешкілік пойыздан түсіп, аласа бір дөңнің етегіндегі шағын ауылға келдік. Мұнда той болып жатыр екен. 

Есік алдындағы қаз-қатар тізіл­ген самаурындар сақылдап қай­нап тұр. Үлкен қазанға ет асы­лыпты. Арса-арса ағаш қақ­пақ­тың арасынан ып-ыстық бу бұрқырайды. Мен әжемнің етегінен ұстап, жан-жағыма жал­тақ­тап қарай беремін. Кенет мал қораның таса­сы­нан шыға келген бір топ бала бізге қарай жү­гір­ді. Ең алдындағы біреуі:

– Е-ей, қараңдар! Қанат келе жатыр! Қанат! – деп қуа­на айғайлайды. Сол сол-ақ екен, оның соңындағылар да қо­сылып:

– У-у-у, Қанат! Қанат келе жатыр! – деп шулады.

Содан соң бізге жақындай бере біреуі:

– Жо-о-оқ, ол емес екен! – деді қалт тоқтап.

Әп-сәтте бәрі іркіліп, әлгі­нің жанына үймелей қал­ды.

«Ол емес екен... Қанат емес екен...» деп жатыр бір-біріне сыбырлап.

Табан астында жаңағы қуаныштарының су сеп­кендей басылып, бөтен бала болып шық­қа­ныма таңданып,  үрпиісіп қалған сияқты. Тап сол сәтте мен де өзімнің Қанат болмаға­ны­­ма іштей өкінгендей болдым...

Нұрғали Ораз, «Егемен Қазақстан»