• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қараша, 2017

Рухани жаңғыру – идеологиялық жұмыстың платформасы

670 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Алқалы жиынға Саяси кеңес мү­шелері – Үкіметтің, Парламенттің, Прези­дент Әкімшілігінің басшылығы, Мемле­кеттік хатшы, «Нұр Отан» пар­тиясы­ның Мәжілістегі фракциясының де­пу­таттары, орталық және жергілікті мем­лекеттік органдардың басшылары қа­тысты. Онда еліміздің саяси, эконо­микалық және рухани жаңғыру үдеріс­тері аясында партияның атқарған жұмы­сы қорытындыланып, оның қыз­метін әрі қарай жетілдіру мәселелері қаралды.

«Бүгін біз «Нұр Отан» партиясын жаңғыртуға қатысты маңызды мәсе­лені талқылаймыз. Биыл «Нұр Отан» пар­тиясының құрылғанына 18 жыл болады. Бұл адам өмірінің өлшеміндегі алғашқы кәмелет жасы болып саналатынын білесіздер. Осы уақыттың ішінде партия­мыз шынығып, шыңдалып, еліміздегі ең үлкен саяси күшке айналғаны бел­гілі. Құрылған күннен бастап барлық ел­дік істердің басы-қасында болып келе жатыр», деді кеңейтілген отырыс­тың ашылуында Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев. Соны­мен қатар Мемлекет басшысы халқы­мыздың береке-бірлігінің артуына, еліміздің саяси тұрақтылығының ны­ғайып, экономикалық реформаларды табыс­ты іске асыруға да «Нұр Отан» партиясы белсенді атсалысып келе жат­қанын баса айтты.

«Халықпен тікелей жұмыс істеп, кезек күттірмей шеші­луге тиісті мәселелерді үнемі назарда ұстап, нағыз елдік партия атанды. Оған өткен сайлаулардағы елдің зор сенімі айқын дәлел. Сол сайлау­ларға белсенді қатысқан біздің партия мү­ше­лерінің атқарған жұмысы, жергі­лікті ұйымдардың істеген шаруасы нәтижесінде халықтың жүргізіп отырған саясатымызға сеніп, бірыңғай дауыс бергенін көріп отырмыз. Партия бо­лашақта да елмен етене болып, халық­қа қалтқысыз қызмет етуді жалғастыра береді деп сенемін», деді Президент.

Елбасы партия алдында әлі талай шаруа бар екендігін де атап өтті. «Қа­жет­ті бағдарламаның барлығы қабыл­данды, оны өздеріңіз де білесіздер. Де­генмен қазіргі жағдайда, дүниедегі ғылыми-техникалық дамудың жаңа саласына бүкіл әлем түсіп отырған кезде біздің алға қойған мақсаттарымыз аз емес. Сондықтан осының барлығына партия басшы болып, жергілікті жерлерде саясатты түсіндіруі қажет», деді Н.Назарбаев. Қазақстан Президенті партияның еліміздегі стратегиялық реформаларды іске асыру жолындағы жетістіктері мен атқарған жұмысына тоқталып, күрделі әрі жүйелі шешімдер қабылдау қажеттігі және оларды дәйекті іске асырудың маңыздылығы жөнінде айтты.

«Жаңғыру ешқашан оңай жүзеге аса қоймайды. Ол кедергіге де тап болуы мүмкін. Осы ретте, «Нұр Отан» партия­сы, ең алдымен, жаңғыру бағытына сая­си қол­дау көрсету тетіктерін қалыптас­ты­руға тиіс. Билік тармақтары арасын­дағы бірқатар өкілеттіктерді қайта бөлуге қатысты конституциялық реформа мәселелеріне келетін болсақ, бұл – еліміздің саяси жүйесін демократияландыру мақсатында жасалған маңызды қадам», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасын «Нұр Отан» партиясының қазіргі идеологиялық жұмысының платформасы деп атады. «Партия қызметін жаңғырту жөнінде айтқан кезде, біз жаңғырудың 2017 жылы жарияланған үш бағдарламасын іске асыру барысында «Нұр Отан» партиясының рөлін айқын әрі анық түсінуіміз керек. Осы бағдарламаларды жүзеге асыруға лайықты атсалысу үшін партия өз жұмысын өзгертудің нақты жолдарын табуға тиіс», деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті партия қыз­метін одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеудің маңыздылығына назар аударып, партия Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұ­хаммедтің есебін тыңдады.

«Нұр Отан» партиясы 18 жыл бұрын өз жұмысын бастағанда не тұрақты жұмыс істейтін құрылымдары, не өзіне тиесілі ғимараты, не қажетті қаражаты жоқ болды. Осы жылдар ішінде Сіз­дің парасатты төрағалығыңызбен өркен­деп, миллионнан астам мүшесі бар, 16 облыстық және Астана мен Ал­маты қалалық, 227 аудандық әрі территориялық, 5824 бастауыш ұйымдардан тұратын еліміздің ең үлкен саяси партиясына айналды. Сіз ұсынған Ұлттық стратегияға сай әлемдегі ең үздік партиялар жинақтаған тәжірибелерді ескере отырып, «Нұр Отан» партиясы бүгінде институттық жағынан әбден толысты деп нық сеніммен айта аламыз.

Сондықтан қазіргі кезеңде партия қатарына қабылдау талабы күшейтіліп, өзіне де, партияға да абырой әкелетін, елге сөзі өтетін, жауапкершілік жүгін сезіне білетін беделді азаматтар ғана қабылдануда», деді М. Құл-Мұхаммед Елбасына қарата айтқан сөзінде. Осы орайда ол ғасырлар жүгін арқалаған ел тәуелсіздігінің әр жылы ерекше тарихи оқиғаларға толы болғанын, үш бірдей жаңғыруға, конституциялық реформаға, экономикадағы үшінші жаңғыруға, ұлт руханиятын жаңа биікке көтерген «Рухани жаңғыруға» жарқын жол ашылғанын атап өтті.

«Осы үш жаңғыру жарияланған күннен бастап, нұротандықтар партия Төрағасының тарихи бастамаларын әр қазақстандықтың жүрегіне жет­кізуге бар күш-жігерін жұмсап келеді. Партияның күнделікті жұмы­сында республика Үкіметімен бірлесе қабылданып, 2021 жылға дейінгі мерзімдегі Сайлауалды бағ­дар­лама­сын орындау бірінші кезекте тұр. Пар­тияның республикалық желілік кес­тесіне сай, жыл басынан бері 5 мил­лион­нан астам адамды қамтыған 85 мың­ға жуық іс-шараның нәтижесінде бағ­дар­ламада белгіленген межелік көрсет­кіш­тердің 96 пайызы бүгінде орын­далды», деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхам­мед.

Қазіргі күні Парламент Мәжілі­сін­дегі партияның фракциялық қыз­меті жетілдірілді және партиялық тәр­тіп нығайтылды. Биылғы жылы депутаттар – партия фракциясының мүше­лері Мәжіліске келіп түскен 148 заң жо­ба­сының 131-ін қарау жөніндегі жұмыс топтарын басқарған. 8 заң жобасына бастамашылық жасалды, олардың төртеуі қабылданды. Партияның Мем­лекет басшысының «Қазақстанның үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» Жолдауын насихаттау бо­йынша жұмысына барлық партия­лық құрылымдар – бастауыш партия ұйым­дары, фракция депутаттары, консультативті-кеңестік органдар мен диа­лог алаңдары, орталықтағы әрі жер­гілікті қоғамдық қабылдау бөлме­лері жұмылдырылды.

Ақпараттық ілге­рі­лету мен Жолдаудың басты басым­дық­тарын іске асыру партиялық жоба­ларды жүзеге асыру негізінде ұйым­дас­тырылды. Жалпы алғанда, 4 млн адамды қамтыған 46,9 мың іс-шара өткізілген. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласын ақпараттық ілгерілету мақ­сатында партия барлық ресурстар мен активтерді іске қосты, жастарды, сарап­шылар мен зиялы қауымды тарта оты­рып, әртүрлі диалог алаңдарында жұмыс жүргізеді. Бүгінде «Нұр Отан» партия­сының қатарында 190 мың (29 жасқа дейінгі) жас қазақстандық бар. «Жас Отан» қызметі 16 аймақтық және 208 қа­­лалық әрі аудандық филиал, кәсіп­орын­дардағы 230 бөлімше мен ЖОО-дағы 96 бөлімше арқылы жүзеге асы­рылады.

 

 

Динара БІТІК,

«Егемен Қазақстан»

Суреттер Президенттің баспасөз

қызметінен алынды