• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қараша, 2017

Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық Кеңестің төртінші отырысы өтті

617 рет
көрсетілді

Бүгін Жоғарғы Соттың жанындағы Халықаралық кеңестің төртінші отырысы өтті. Іс-шараны Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева жүргізді.

Кездесуге Кеңес мүшелерінен бөлек, Жоғарғы Соттың судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің, Сот төрелігі академиясының басшылығы, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

А.Қыдырбаева отырысты аша келе, Халықаралық Кеңес жұмысының екінші жылы табысты аяқталуға жақындағанын және оның тәжірибесіне Грузияның Жоғарғы Соты қызығушылық танытып үлгергенін атап өтті.

Отырыс барысында 2017 жылдың белгілі бір қорытындылары шығарылды. Атап айтқанда, а.ж. ақпанында инвестициялық дауларды қарау практикасын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» болып өтті. Оның нәтижесінде Астана қалалық сотының инвестициялық даулар бойынша соттылығын кеңейту мен нақтылау және осы санаттағы істерді қарау мерзімдерін ұлғайту бойынша ұсынымдарының негізінде заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді.

Кеңес мүшелерінің кейбір ұсынымдары Әділет министрлігі әзірлеген «Адвокаттық қызмет және заңгерлік көмек туралы» заң жобасына енгілді. «Аталған заң жобасы қоғамда қызу талқыланып, бүгінде Парламент Мәжілісінің қарауына келіп түсті. Осы заң қабылданған жағдайда халыққа ұсынылатын құқықтық көмектің сапасы, соның ішінде сотта қорғауды қамтамасыз ету деңгейі түбегейлі жақсаратындығына сеніміміз мол», - деді А.Қыдырбаева

Төртінші отырыстың күн тәртібіне үлгілік құқықты қолданудың халықаралық тәжірибесі және оны ұлттық заңнамаға енгізудің келешегі, сондай-ақ тергеу судьяларының өкілеттіктерін кеңейту туралы екі мәселе енгізілді.

Бірінші мәселе бойынша сөз сөйлеген Кеңес мүшесі, Сот төрелігі академиясының ректоры Төлеш Қаудыров жаһандану, сондай-ақ жалпы және құрлықтық құқық жүйелерінің бірігу үрдістерінің шеңберінде нормативтік-құқықтық актілерінің қолданылу деңгейі тарихи тұрғыда басым сипатқа ие құқықтық деңгейі дамыған елдердің өзінде үлгінің маңызы құқықтың қайнар көзі ретінде күн санап артып келе жатқандығын атап өтті.

Т.Қаудыров ағылшын-саксон, роман-герман және аралас құқықтық жүйеге негізделген елдердің тәжірибесін таныстырды. Ол біркелкі сот практикасын қалыптастыру үшін Қазақстанның тәжирибесіне ішінара енгізілуі мүмкін Халықаралық Кеңес мүшелерінің сараптамалық ұстанымдарын талқылауға ұсынды.

 Бұлардың қатарына заңнамаға Жоғарғы Соттың заңды күшіне енген шешімдері мен қаулыларына судьялардың сілтеме жасау құқығының берілуі туралы өзгерістер енгізу, Жоғарғы Соттың сайтына электронды нұсқадағы «Үлгі»  жинақтарын орналастыру, сот шешімдерімен танысуға мүмкіндік беретін «Төрелік» және «Талдау» сервистерінің мүмкіндіктерін кеңейту секілді шаралар жатады. Бұған қоса, Сот төрелігі академиясында құқық қолдану практикасын зерделеумен айналысатын ғылыми-зерттеу орталығын құру, судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлеріне АХҚО-нің арбитраж және сот талқылауларына қатысу мүмкіндігін ұсыну секілді мәселелер талқыланды.

Кеңес мүшесі, Таллин (Эстония) округтік сотының судьясы Павел Гончаров тергеу судьяларының өкілеттіктерін кеңейту туралы сөз сөйледі. Ол  тергеу судьялары институтын енгізу бойынша қазақстандық тәсіл мен жинақталған тәжірибені жоғары бағалады, сондай-ақ қылмыстық процесті реформалау шеңберінде олардың өкілеттіктерін одан әрі кеңейтуді қолдады. «Бүгінде Қазақстан тергеу әрекеттерін неғұрлым тиімді бақылау мақсатында тергеу судьяларының өкілеттіктерін біртіндеп кеңейту бойынша нақты ұстанымға ие», - деді П.Гончаров.

Екінші мәселені талқылау қорытындысы бойынша Халықаралық кеңес мүшелері бірқатар ұсынымдар әзірледі. Солардың қатарында, құпия тергеу әрекеттерін санкциялауды қоса алғанда, тергеу судьяларының өкілеттіктерін одан әрі кеңейту де бар. Бұған қоса, тергеу судьяларының өкілеттіктерін реттейтін бірқатар нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу, тергеу судьяларының процестік қызметін жетілдіруді жалғастыру, оларды оқытуды күшейту ұсынылып отыр.

Әрбір мәселе бойынша қатысушылар өзара пікір алмасты. Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға жолданатын және Жоғарғы Соттың сайтына орналастырылатын ұсынмдар әзірленетін болады.

Еске сала кетейік, Жоғарғы Сот жанындаағы Халықаралық Кеңес ұлттық сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша сарапшылық консультациялар әзірлеу мақсатында құрылған және бұл Ұлт Жоспарының 25-қадамының практикалық тұрғыда іске асуы болып табылады.