• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 13 Қараша, 2017

Қазақстан, Ресей, БАӘ ғарышты игеру ісін талқылады

323 рет
көрсетілді

Дубайда (БАӘ) 15-ші Халықаралық әуеғарыш көрмесі «Dubai Air Show - 2017» аясында ҚР Премьер Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, БАӘ Премьер Министрінің орынбасары, БАӘ Президент ісі жөніндегі министр шейх Мәнсүр бен Заида Әль- Нахаян, РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозиннің үш жақты ресми кездесуі болып өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында тараптар ғарыш саласын инновациялық жоғары технологияны қолдана отырып, бірлесіп игерудің инвестициялық жобасын қарады. Біріккен Араб Әмірлігі тарабы «Байқоңыр» ғарыш айлағының қазіргі жағдайымен және оны дамыту болашағымен танысты.

Кездесу барысында шейх Мәнсүр БАӘ қазақстан-ресей бірлескен «Бәйтерек» жобасына қатысуға қызығушылық білдіріп отыр.

Олар болашақта бірлескен ғарышты дамыту жобасын жүзеге асыруға стратегиялық бағдарлама жасап, тараптардың қызметін үйлестіріп отыру мақсатында үш жақты жұмыс тобын құру туралы келісімге келді.