• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 14 Қараша, 2017

Оқушылардың жобалары өндірісте қолданылмақ

509 рет
көрсетілді

Қазақстандық дарынды оқушылардың жасаған жобалары өндірісте қолданысқа енгізілетін болады. «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы төрт ай бойы ұйымдастырған олимпиада осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр.

«Қазақстан  2050» жалпыұлттық қозғалысы биыл шілдеден қазан айына дейін Қазақстанның барлық аймағындағы мектептерден «Жасыл энергетика», «ІТ», «Модельдеу және робототехника», «Тұрмысқа пайдалы өнертабыстар» тақырыптары бойынша оқушылардың жобаларын қабылдаған болатын. Келіп түскен 200-ге жуық жобаның ішінен 20 жобаны сарапшылар тобы іріктеп алды.

Осы 20 жоба ертең Назарбаев университетінің кинозалында көпшіліктің қатысуымен қазылар алқасының алдында қорғалады. Ең үздік 10 жобаға арнайы менторлар бекітіліп, жоба жалғасты дамытылады және оны халық тұтынатын тауарға айналдыру жолдары қарастырылады. Негізгі демеушілікті бекітілген менторлар жасайды. Менторлардың оқушылармен қалай жұмыс жасап жатқандығын бақылау үшін ұйымдастырушылар отандық телеарнадан арнайы бағдарлама ашып, келесі жылдан бастап тұрақты түрде көрсетіп отырмақ. Жоба жеңімпаздарына оқу гранттарымен қоса бағалы сыйлықтар да табысталады.

Айта кетейік, елімізде оқушылардың жобаларын өндіріске қосуға арналған олимпиада алғаш рет өтіп отыр. Олимпиадаға «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Білім және ғылым министрлігі, республикалық «Дарын» орталығы, Назарбаев универистеті, Еуразия технологиялық университеті, «Bilim Media Group»  қоры қолдау көрсетті.