• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қараша, 2017

Елбасы Астананың құрылыс саласында атқарылған жұмыстармен танысты

169 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Мемлекет басшысына елорданың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі нәтижелері туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Елбасы бірқатар инфрақұрылым нысандарының, сонын ішінде әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандардың құрылыс жоспарларымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың инфрақұрылымын одан әрі дамыту және жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.