Екі қозғалтқышы бар әуе кемесімен Павлодардан Баянауылға дейін 16 жолаушы ұшып келді. Оларды кезінде аудан орталығымен әуе қатынасын жандандыруды ұсынған аймақ басшысы да болды. Екі арадағы жолдың ұзақтығы – 40 минут.
Әуе рейсіне «Жезқазған Эйр» компаниясы қызмет көрсетті. Бұл фирманың жергілікті әуе желілеріне қызмет көрсетуде бай тәжірибесі бар.
- Бүгін біз алғаш рет Павлодар мен Баянауыл арасында әуе рейсін жасадық, - деді ұшақтың капитаны Сергей Терехов. – Рейс ойдағыдай өтті. Баянауылдағы аэродром ұшақтарды қабылдауға толықтай дайын деп ойлаймын.
Қазіргі кезде аэродром толықтай қоршалған. Мамандар ұшу-қону алабының аумағында қосымша инфрақұрылымның құрылысы мәселесімен айналысып жатыр.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар