• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қараша, 2017

Тоқаев Атамбаевтың Қазақстан туралы кезекті мәлімдемесіне орай пікір білдірді

322 рет
көрсетілді

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды "блокада" деп атап, оған Қазақстан билігін айыптау мәндегі пікір білдірген болатын. Атамбаев бұл туралы Бішкекте елдің тұрақты даму стратегиясын талқылаған жиында мәлімдеді. Осыған орай Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің туиттер парақшасында  Атамбаевтың мәлімдемесіне пікір білдірді.

 "Атамбаевтың Қазақстан туралы кезекті долы сөздері шынайы бауырластыққа тек нұқсан келтіреді. Үлкен саясатта қызбалыққа орын жоқ", деп жазды ол.

Еске сала кетсек, 7 қазанда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігінің атына  сын айтқан болатын. Осыдан кейін, 10 қазанда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында тексеру күшейтіліп, кезек көбейген.

Соңғы жаңалықтар