• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Қараша, 2017

Шетелдік 80 туроператор Елордаға келді

246 рет
көрсетілді

Елордада шетелдік және отандық туроператорлар үшін диалог алаңы құрылды. Бұл туралы Астана әкімдігінің медиа орталығы хабарлады.

«Астана Конвеншн бюро» ЖШС ұйымдастырған турға Қытайдан, Ираннан, сондай-ақ ТМД елдерінен 80 туроператор қатысты. Олар отандық операторлармен қарым-қатынас орнатып, бірқатар келісім жасасты. Жоспар бойынша «Welcome to Astana» ақпараттық туры үш күнге созылды.

Ресейлік экскурсовод Вера Попович: «Welcome to Astana» ақпараттық турының алғашқы екі күнінде біз Астанадағы қонақ үйлерді, медициналық, ғылыми, білім беру, спорттық және мәдени нысандарды араладық. Қазақстан астанасының «Бәйтерек», «Нұр-Әлем» сияқты бірегей ғимараттарында болып қайттық. Туризм саласы бірлескен жұмысты талап етеді. Ол қалалар, елдер арасындағы достықты нығайтып, адамдарды жақындастырады», - десе, «Астана Конвеншн бюро» ЖШС-нің бас менеджері Әсел Қарбаева: «Біздің қалада оқиғалық туризмді дамытудың зор мүмкіндігі бар. Бұл тұрғыда Астананың әлеуеті зор. Өйткені бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдері Қазақстанның астанасын бейбітшілікке бастайтын орта ретінде таниды», - дейді. Сонымен бірге Әсел Қарбаева қазіргі таңда Елордада туризм саласының түрлі бағыттарын дамыту шаралары жүйелі түрде қолға алынып жатқанын айтып өтті.