• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Кеше

Адамға ұқсас роботтарды дамыту: Оңтүстік Корея ауқымды жобаны іске қосты

Оңтүстік Корея жасанды интеллектке негізделген адамға ұқсас роботтарды дамытуға арналған ауқымды бағдарламаны іске қосып отыр. Жоба шеңберінде ел алдағы бес жыл ішінде 50,4 млрд вон (33,5 млн доллар) инвестиция салуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Yonhap агенттігінің мәліметінше, бағдарлама 2030 жылға дейін Корей ғылым және технология институтының жетекшілігімен жүзеге асады. Ол биыл басталған үкіметтік «K-Moonshot» бастамасының бір бөлігі саналады. Бұл бағдарлама жасанды интеллектіні ғылым мен технология саласындағы зерттеу және әзірлеу жұмыстарына кеңінен енгізуді көздейді.

Жоба шеңберінде LG Electronics Inc. және жергілікті WIRobotics стартапы робототехникалық озық платформалар мен адамға ұқсас робот үлгілерін әзірлейді. Алдағы уақытта бұл технологияларды жаппай өндіріс деңгейіне шығару жоспарланған.

Жамбылда байқауды робот жүргізді: Жаңа формат көрерменді таңғалдырды

Жасанды интеллект модельдерін әзірлеуге ірі университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтары да қатысады.

Бағдарламаның басты мақсаты – Оңтүстік Кореяны әлемдік нарықта гуманоид роботтар өндірісі бойынша жетекші елдердің біріне айналдыру.

Жобада жасалған роботтар алдымен ауруханаларда және күтім орталықтарында сынақтан өтеді. Бұл олардың адамдарға күтім көрсету сияқты ұзақ әрі күрделі міндеттерді орындау қабілетін тексеруге мүмкіндік береді.

Бұған дейін Қытайда да адамға ұқсас роботтар пайда болғаны туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар