• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қараша, 2017

Абай туған өңірге айрықша назар

784 рет
көрсетілді

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің бірнеше депутаты Шығыс Қазақ­стан, Семей өңірінде болып, жер­гілікті тұрғындармен кездесулер өткізген едік. Сол сапарда көз көр­ген, көңілге түйген бірқатар мәсе­лелер жөнінде ой бөліспекпін.

Семей – ең алдымен ұлы Абай­дың елі. Тәуелсіздіктің 1995 жы­лы Абай жылы деп жарияланып, да­ныш­панның 150 жылдығы әлем­дік деңгейде аталып өтті. Содан бері де біраз уақыт өтіпті. 2020 жы­лы Абайдың туғанына 175 жыл то­лады. Осы ұлық мерекені өз мә­нінде атап өтуге дайындықты бү­гінгі күннен бастаған жөн. Және ол еліміз көлемінде өтіп жататын түрлі мәдени-рухани шара­лар­дан тақырыбы, маз­мұны, тіп­ті көлемі жөнінен де мүлде бө­лек, тың тұрпатты жағдайда ұйым­дас­ты­рылса деген ті­легіміз бар.

Осы мақсатпен Премьер-Минис­трдің орын­ба­сары Е.Досаевқа сауал жол­дап, төмендегі ұсы­ныстарды жасадық:

Біріншіден, Семей қаласынан Абай еліне, Қарауылға, Жидебайға баратын жолдың сапасы сын көтер­мейді. Сондықтан 181 шақырымдық Семей – Қарауыл жолын күрделі жөн­деп қана қоймай, оның «Абай жолы» екендігін айғақтайтындай фор­ма, мазмұн берілсе, арнайы ес­керткіш белгілер орнатылса екен;

Екіншіден,  Қарауыл, Жидебай сынды Қазақстанның тарихи-мәде­ни мұрасы мен әлеуметтік-саяси өмі­ріндегі маңызды орын алатын­ қасиетті орындар – бүгінде ұлт­тық бірлік пен жаңғыру нышаны ретіндегі нысандар. «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті жерлерін» белгілеу мақсатында құрылған ғылы­ми-сараптамалық кеңес елі­міздің қасиетті жерлерін  анықтау, ғылыми тізімдеу мен жүйелеу барысында Абай елін ерекше ескерсін;

Үшіншіден, жыл сайын өткі­зілетін республикалық «Абай оқула­ры» байқауының аясын кеңейту жә­не Абай шығармашылығын на­си­хат­тау арқылы ұрпақтың қа­зақ мәдениетіне, тілі мен әдебие­тіне деген ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуат­тау, отансүйгіштік сезімді арттыру мақ­сатын көздеу керек;

Төртіншіден, «Рухани жаңғыру» бағ­­дар­ламасы аясында жасалатын «Қа­зақ­станның киелі жерлерінің кар­тасы» ұлы Абай елінен басталып, одан Ақмешіттегі Алтын Шо­қы­ға, Тараздан Теректіге, Сау­­раннан Сарайшыққа, Қара­бурадан Қараханға, Оқшы атадан Ойсылқараға  және ұлағатты Ұлы­тауға ұлассын деген тілегіміз бар. Осы сауалдағы ұсыныстарды қол­дап бірнеше әріптестерім қолдарын қойды.

 

 

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ,

Мәжіліс депутаты

Соңғы жаңалықтар