• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2011

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі №02-02-18/181

395 рет
көрсетілді

2011 жылғы 13 қыркүйек,   Астана қаласы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі 2011 жылғы 16 қыркүйек              №297                             Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Қазақстан Республикасының  туристік қызмет туралы заңнамасының орындалуы үшін  жеке кәсіпкерлік саласындағы  тексеру парағының  нысанын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 11-бабының 20) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтың нысаны бекітілсін. 2. «Туристік қызмет (туроператор, турагент) және ойын бизнесі саласындағы тексерулер бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 16 ақпандағы № 01-01-07/27 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 78 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6118 болып тіркелген және «Казахстанская правда» газетінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 97-98, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 147-149 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (Қ.Ғ. Кәкен): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамта­масыз етсін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Қ.Ғ. Кәкенге жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының     Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің     Экономикалық даму және сауда міндетін атқарушы     министрінің міндетін атқарушы _______________ Ә. Пірметов    _______________ М. Құсайынов Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің  міндетін атқарушының 2011 жылғы  13  қыркүйек № 02-02-18/181, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының  2011 жылғы 16 қыркүйек № 297 бірлескен бұйрығымен бекітілген нысан Қазақстан Республикасының Туристік қызмет (туроператор, турагент) туралы заңнамасының сақталуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы  тексеру парағы Уәкілетті орган __________________________________________________________________ Тексеру тағайындау туралы актінің № _______________________________________________ Құқықтық статистика жөніндегі органның тіркеу № ___________________________________ Туроператордың, турагенттің атауы _________________________________________________ Орналасқан орнының мекен-жайы ___________________________________________________ БСН, ЖСН (СТН) ________________________________________________________________ №    Талаптар тізбесі    Бар/ жоқ 1    Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы – туроператор мен турагент үшін 2    Туристік қызмет көрсетуге жасалған жазбаша шартының болуы – туроператор мен турагент үшін 3    Меншікті кеңсесінің немесе кеңсе үшін жалға алған үй-жайының болуы – туроператор мен турагент үшін 4    Туристік білімі бар қызметкердің, соның ішінде гидтердің (гид-аудармашылардың), экскурсоводтардың, туризм нұсқаушыларының қызметін көрсетуге лицензиясы бар туризм нұсқаушыларының бар болуы – туроператор үшін 5    Туристік білімі бар қызметкердің бар болуы – турагент үшін 6    Туроператормен оның турөнімін іске асыруға – турагентк қызметке арналған шартының болуы – турагент үшін 7    Туристік жолдаманың және туристік жадынаманың болуы – туроператор мен турагент үшін 8    Туристерге қызмет көрсету бағдарламасының бар болуы – туроператор үшін 9    Меншікті немесе жалға алынған материалдық базасының және (немесе) туристік өнімге кіретін, жекелеген қызметтерді ұсынатын тұлғалармен шарттардың болуы – туроператор үшін 10    Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындары, табиғи, мәдени ескерткіштері және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған уақытта тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын мәліметтерді уақтылы бергені туралы жазбаша растаудың болуы және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыруы – туроператор мен турагент үшін Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы: _________________     _________________     ________________ (лауазымы)              (қолы)                   (Т.А.Ә.) Бақылау субъектісі: _________________     _________________     ________________ (лауазымы)                 (қолы)                                         (Т.А.Ә.) Күні: ________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7220 болып енгізілді.