Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар заң жобаларын мақұлдады.
Бүгінгі отырыста бұқаралық ақпарат құралдары, телерадио хабарларын тарату, ақпараттандыру және байланыс, ақпараттық қауіпсіздік саласында қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін қамтамасыз етуге бағытталған Ақпарат және коммуникациялар мәселелеріне қатысты заңның жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Жоба бойынша 6 кодекске және 16 заңға түзетулер енгізу көзделген. Осы заң жобасын қарау барысында Атырау облысында дөңгелек үстел, бұдан басқа халықаралық сарапшылармен кездесулер, мүдделі органдар, БАҚ, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының он төрт отырысы және Мәжілістің салалық Комитетінің екі кеңейтілген отырысы өткізілген болатын.
Жұмыс тобында депутаттар заң жобасының жекелеген нормаларын нақтылауға және мазмұнын жақсартуға атсалысады, оның ішінде «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға ресми хабарларға кірмейтін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының салуларына ақпарат иеленушілердің жауап беру мерзімдерін күнтізбелік 15 күннен 7 жұмыс күніне дейін қысқартуды айқындау туралы көрсетілген түзетулер қолдау тапты.
Ұсынылған өзгерістер азаматтардың ақпараттық саладағы құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуді, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен бұқаралық ақпарат құралдардың қызметін және телерадио хабарларын таратуды жетілдіруді, ақпаратқа қол жеткізу бойынша мүмкіндіктерді ұлғайтуды көздейді.
Депуттардың жоғарыда көрсетілген түзетулері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 және 16 қарашадағы қорытындыларында қолдау тапты.