• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2011

Немістер дес бермеді

342 рет
көрсетілді

Елорданың «Сарыарқа» велотрегінде Велотректен әлем кубогының бірінші кезеңі бо­лып өтті. Оған әлемнің 43 елінен келген 312 спортшы Олимпиада ойындарының жолдама­сы үшін сайысқа түсті. 24 медаль жиынтығы сарапқа салын­ған кубоктық кезең жеке және командалық спринт, кейрин, ұпай бойынша сайыс, омниум, жұптық мэдисон сайысы, скрэтч және жеке сындағы жа­рыс­тар төңіргінде болды. Жарыстың ашылу салтана­тына Халықаралық велошабандоздар одағының (UCI) президенті Пэт Маккуэйд пен еліміз Велоспорт федерациясының пре­­зиденті Қайрат Келімбетов қа­тысып, спортшыларға сәтті­лік тіледі. Сондай-ақ салтанат­ты ша­ра­да Пэт Маккуэйд Қа­зақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың Қазақстан мен әлемдегі велосипед спортының дамуына қосқан үлесін аса жо­ғары бағалап, зор алғысын білдірді және UCI-дің алтын белгісін табыстады. Жоғарыдағы аталған сындар бойынша сайысқа түскен саң­лақ­тар дүбірлі додада барын салып бақты. Нәтижесінде жал­пы есепте бірінші кезең­нің әлем кубогын бір ал­тын, екі күміс және бес қола медальмен гер­ма­ния­лық са­йып­қыран­дар иеленді. Екінші жүл­де авст­ра­лиялықтарға бұ­­­йыр­­ды. Олардың қор­­жы­нын­да бір ал­тын жә­не екі күміс бар. Ал үшінші тұ­ғыр­ға бір алтын, бір күміс және бір қола медальмен француз спорт­шы­лары жайғасты. – Бұл жарысқа қатыс­қаны­мыз­ға біз өте қуаныштымыз. Әрине, бұған бірінші кезекте бас жүлде алғанымыз себеп екені белгілі. Сонымен қатар, мұндағы ойын алаңдары қат­ты ұнады. Ал ұйым­дастыру жұ­мыс­та­рына айтар алғысымыз шексіз. Бұйыртса ал­дағы уақытта да осындай ірі жа­рыс­тарға елдері­ңіз­ге келуге біз қа­шанда әзірміз, – деді не­міс­тің «Erd­gas- 2012» коман­да­сы бас­­па­сөз қыз­меті­нің менед­жері Майкл Хиб­нер. Аталмыш бай­рақ­ты бәсеке өз мә­ре­сіне жеткеннен кейін брифинг өткізген Халықаралық велошабандоздар одағының президенті Пэт Маккуэйд жарыстың өте жоғары деңгейде өткенін жә­не ұйымдастырылғанын айт­ты. Со­ны­мен бірге ол Астанада UCI- дің ТМД және Орталық Азия елдері бойынша өкілдіктің ашы­­ла­тындығын және оның ресми өкілі Қазақстан велоспорт фе­дерациясының президенті Қай­рат Келімбетов болатындығын мәлімдеді. Астанада жалауы көтеріл­ген бұл жарыс әлем кубогының бірінші кезеңі болса, екінші кезең Колумбияның Кали қала­сында өтпек. Қаңтар айында кубоктық кезеңді Пекин қарсы алса, жарыстар келер жылдың ақпанында Лондонда аяқ­талады. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК. Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.