• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қараша, 2017

Оралда латын қарпімен шыққан кітаптардың көрмесі ашылды

1166 рет
көрсетілді

Орал қаласында «Qazaq kitaptari 1929-1940 zhyl» атты кітап көрмесі ашылды. Көрмеге 1929-1940 жылдар аралығында латын қарпімен басылып шыққан 100-ден аса кітап қойылған.

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы мен Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы бірлесіп ұйымдастырған көрменің негізгі мақсаты - Мемлекет басшысының «Қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру туралы» Жарлығына қолдау білдіру.

- Мәні зор шараның Тұңғыш Президент күні қарсаңында өтіп жатқанына қуаныштымыз, - дейді көрменің ашылу салтанатына қатысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов.

Қазақ ССР-інде латын қарпі қолданыста болған 1929-1940 жылдар аралығында елімізде барлығы 1,5-ден аса кітап латын әліпбиімен шыққан екен. Бұл көрмені көріп, тамашалаған жандар елімізде 2025 жылдан бастап қабылданатын латын әліпбиін жатсынбай, түсіністікпен қабылдамақ. «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының төрағасы Мұхтар Манкеевтің айтуынша, аталмыш көрме 1 желтоқсанға дейін тұрады.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

«Егемен Қазақстан».

Орал

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ