• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қараша, 2017

Келер жылы БҚО-ның 100 елді мекеніне кеңжолақты интернет барады

411 рет
көрсетілді

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында жаңа жобалар жүзеге аспақ. «Келер жылы 100-ге жуық елді мекен кең жолақты интернетпен қамтылады», деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов «Aqjai’yq» телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Әкім сағаты» хабарында.

Өңір басшысы бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігімен келісімге келгенін хабарлады. «Облыстағы мектептердің 68 пайызы – шағын комплектілі мектептер. Əсіресе, осындай білім нысандарын интернетпен қамту аса өзекті. Балалар заманауи білім алуы тиіс», - деді Алтай Сейдірұлы.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».