• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Аида Балаева халықаралық отбасы күнімен құттықтады

30 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ел азаматтарын халықаралық отбасы күнімен құттықтап, бүгіннен бастап «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр отбасы баланың бойына ізгілік пен сүйіспеншілікті дарытатын мекен екенін атап өтті.

«Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат мекен. Адам алғаш рет мейірімді де, жауапкершілікті де, құрмет пен қамқорлықты да өз шаңырағында сезінеді. Баланың бойына ізгілік, еңбекқорлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, елге деген сүйіспеншілік ең алдымен отбасында дариды. Сондықтан халқымыз «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Шаңырақ – қазақ үшін қасиетті ұғым. Ол тек киіз үйдің төбесі ғана емес, ұрпақтың жалғасы, әулеттің амандығы, татулық пен берекенің нышаны. Шаңырағы биік, керегесі кең, босағасы берік елдің болашағы да нық болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Отбасы – халқымыз үшін қасиетті ұғым. Әр адам, ең алдымен, өзінің қастерлі шаңырағында тұлға ретінде қалыптасады, үлгі-өнеге алып, нағыз азаматқа тән игі қасиеттерді бойына сіңіреді», деген болатын. Расында, берекелі отбасы – тәрбиелі ұрпақтың, ал тәрбиелі ұрпақ – мықты мемлекеттің негізі», деді министр.

Аида Балаева елімізде отбасы институтын нығайтуға, ана мен әкенің мәртебесін арттыруға, балалардың қауіпсіз әрі бақытты ортада өсуіне ерекше көңіл бөлініп келе жатқанын да айрықша атап өтті.

«Бұл бағытта жас отбасыларға қолдау көрсету, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, бала тәрбиесі мәдениетін дамыту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. «Ата-аналар академиясы», Отбасын қолдау орталықтары, Әкелер одағы мен Аналар одағы сияқты бастамалар қоғамда жауапты ата-ана болу мәдениетін қалыптастыруға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және отбасы құндылықтарын дәріптеуге зор үлес қосып келеді. Мұның бәрі – әр шаңырақтың берік, әр баланың бақытты, әр отбасының қамқор ортада өмір сүруі үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар», деді ол.

Қостанайда отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль өтіп жатыр

Сонымен қатар айтулы мерекеге орай, бүгіннен бастап «Мерейлі отбасы» конкурсына өтінім қабылданатынын ескертті.

«Қымбатты достар! Бүгін, Халықаралық отбасы күні, елімізде дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталады. Бұл байқау – өнегелі өмірі, еңбегі, татулығы, ұрпақ тәрбиесіндегі үлгісі арқылы көпке жол көрсетіп жүрген отбасыларды танытатын ерекше жоба», деді А. Балаева.

Министр отбасыларды осы конкурсқа белсенді қатысуға шақырып, әр шаңыраққа амандық, татулық пен береке тіледі. 

Соңғы жаңалықтар