• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 18:29

Елімізде жұмыс орнында киберсауаттылық бойынша тест тапсыратын болады

Цифрлық даму министрлігі Еңбек кодексіне түзетулер әзірлеуде. Өзгерістерге сәйкес, барлық мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар жаңа қызметкерлерге киберсауаттылық бойынша оқыту жүргізуге міндетті болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Кейін бұл оқыту жұмыс барысында жыл сайын қайталанып отырады. Бұл туралы Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев Петербургтегі халықараралық экономикалық форумында мәлімдеді.

Әбутәліп Мутәлі: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

Оның айтуынша, заң жобасы Парламент Мәжілісінде мақұлданған. Құжаттың 2026 жылдың күзінде күшіне енуі күтілуде.

«Егер кибершабуылдар мен алаяқтық әрекеттерді талдайтын болсақ, олардың шамамен 80 пайызы адам факторына байланысты екенін көреміз. Жүйені қанша жерден қорғағанмен, егер адамда базалық білім болмаса, хакерлер жүйеге оңай ене алады. Әрине, бұл көрсеткішті нөлге дейін төмендете алмаймыз, бірақ мұндай шаралар азаматтардың білім деңгейін арттыруға ықпал етеді», - дейді Досжан Мұсалиев .

Мемлекет қазірдің өзінде мектептерде, жоғары оқу орындарында, сондай-ақ қарттар мен әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға арналған арнайы бағдарламаларды іске қосқан. Енді бұл бастамаға бизнес өкілдері де тартылмақ.

Киберқауіпсіздік: өз деректерімізді қалай қорғаймыз?

Шенеуніктің айтуынша, оқу курстарында азаматтарға күмәнді сілтемелерге өтпеу, фишингтік шабуылдарды ажырата білу үйретіледі. Сонымен қатар, парольдерді тұрақты түрде жаңартып отыру және сенімді антивирустық бағдарламаларды пайдалану талап етіледі.

Соңғы жаңалықтар