• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:54

Күдікті өз отбасын бөлшектеген: Жібек жолындағы қылмысқа қатысты тергеу аяқталды

Астана маңындағы Жібек жолы ауылында төрт адамның қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша  тергеу аяқталды. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары толық аяқталған, қазіргі уақытта тараптар материалдармен танысып жатыр.

«Қазіргі уақытта тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Бұл процесс аяқталғаннан кейін іс сотқа жіберіледі», деді вице-министр.

Қайғылы оқиға 2 наурыз күні Ақмола облысындағы Жібек жолы ауылында, Астанадан шамамен 25 шақырым жерде болған. Тергеу мәліметінше, Астана маңындағы ауылда 42 жастағы ер адам өзінің ата-анасын, мүгедектігі бар ағасын және 18 жастағы қарындасын өлтірген.

Айта кетейік, күдікті бұған дейін де сотты болған. Сондай-ақ оның психикалық есепте тұрған анықталды.

Соңғы жаңалықтар