4 маусым сағат 21:22-де Алматы қаласында жер сілкінісі болды. ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделіп, эпицентр туралы мәлімет нақтыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды, полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді. Ақпарат толықтырылады делінген ТЖМ мәліметінде.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);- көп қабатты үйлерде жер сілкініс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.