• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Парламент 05 Желтоқсан, 2017

Қазақстан мен ХҚҚДБ арасындағы құжатты ратификациялау туралы заң жобасы талқыланды

370 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы құжатты ратификациялау туралы заң жобасы талқыланды.

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) № 2 түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен ХҚҚДБ арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.

Заң жобасымен Қазақстан Республикасы мен ХҚҚДБ арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) қосымша «Күрті-Бурылбайтал» және «Ұзынағаш-Отар» жолдары аралықтарын қосу және қарыздар қаржысын санаттар арасында қайта бөлу көзделіп отыр.

Жоба 271,3 миллион доллар сомасындағы ХҚҚДБ-нің үнемделген қаржысы мен республикалық бюджеттен 47,9 миллион доллар қосымша қаржыландыру есебінен жүзеге асады.

Келісім-хатты ратификациялау 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасында көзделген автомобиль жолдарын жаңғырту жөніндегі шығындарды тиімді басқаруға бағытталған.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.