• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Желтоқсан, 2017

Синоптиктер: Астанада мұндай қарсыз қыс жеті жыл бұрын болған

253 рет
көрсетілді

Синоптиктердің мәліметінше соңғы жеті жылда алғаш рет елордада қыс мезгілі қарсыз басталды, деп  хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Елордада қашан толассыз қар жауатыны әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша осы аптаның соңында қар жауып, желдің қуаты күшейюі мүмкін. Жалпы, желтоқсан айында күн ашық болады.

«Консультативтік болжамына сүйенсек, антициклонның күшеюімен ауа- райы жауын шашынсыз, ашық болады. Ауа температурасы түнде 10-20, ал күндіз 2-10 градусқа дейін барады. Салқындатудың 3 толқыны күтілуде.(...)  айдың ең соңында фронтальдық бөлімдерден өтумен қар, боран және жел қуаты күшейеді деген болжам бар. Сондай-ақ ағымдағы ай бойы қар жауады», - деді ұзақ мерзімді болжамдар инженер-синоптигі Айгүл Мыңжанова.

Синоптиктердің мәліметінше Астанада  қыс мезгілінің қарсыз басталуы соңғы 7 жылда бірінші рет болып тұр. Өткен жылы желтоқсан айының басында елордада қалындығы 10 сантиметр қар жатты.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» қыс айына арналған консультативті ауа-райын жариялады. Синоптиктер еліміздің басым аймағында көпжылдық орташа маңызды температура фонынан 1-2 градусқа төмен болады деген болатын.