• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Желтоқсан, 2017

Жиырмасыншы ғасырдың тұлғасы

453 рет
көрсетілді

Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы көркемсурет музейінде «Дәуір. Кітап. Лебедев» атты көрме ашылды.

Владимир Васильевич Лебе­дев көркем кескіндемеші, график- суретші, плакат салу, кітап және журналдарды безендіру өнерінің хас шебері. Ленинградтық кітап графикасы мектебінің негізін қалаушысы, бір кездері өзі туралы былай деп айтқан екен: «Менің шығармашылығымды түсіну үшін менің жиырмасыншы ғасырдың суретшісі екендігімді есте сақтау қажет…

Мені сол заманның рухани ауасы қалыптастырған. Менің барлық идеяларым мен ойларым сол кезеңде тамыр жайып жатыр…». Шын мәнінде Владимир Лебедев өмір сүрген өткен ғасырдағы жиырмасыншы жылдардың аяғы және отызыншы жылдардың басы аса күрделі және қайшылыққа толы шақ еді.

Суретші үшін ерекше шығармашылық белсенділіктің, үздіксіз ізденістер мен жа­ңа­шыл шешімдердің уақыты болды, осы кезеңде қай­та­ланбас «лебедевтік» стиль қа­лып­тасады. Музей қорында бүгінде шебердің 157 туындысы сақталуда, олардың 108-і алғаш рет көпшілік назарына ұсынылыпты. Бұл – суретші замандастарының көркем және графикалық портрет­тері, адамдар мен жануарлар­дың суреттері, натюрморттар.

Экспозицияда сондай-ақ атақты орыс ақыны Самуил Маршактың сықақ туындысы – «Мистер Твистер» поэмасы үшін салынған Лебедевтің әлемге әйгілі иллюстрациялары да орын алыпты. Бұл кітап алғашқы рет 1933 жылы жарияланған.

Лебедевтің көрмеге қойылған барлық туындыларын 1990 жылдары суретшінің жесірі Ада Сергеевна Лазо-Грабенкодан Невзоровтар отбасы атындағы көркемсурет музейі сатып алған екен.

 

Раушан НҰҒМАНБЕК

СЕМЕЙ

Суреттерді түсірген автор