• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2011

Германия елшісімен кездесті

245 рет
көрсетілді

Кеше «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин мен Германия Федеративтік Респуб­ли­касының Қазақстандағы жаңа елшісі Гидо Херцтің кездесуі барысында Қазақстан-Германия әріптестігін одан әрі нығайту және жандандыру мәселелері талқыланды. Қос елдің жетекші саяси күш­тері де, яғни «Нұр Отан» пар­тиясы мен Германияның Хрис­тиандық демократиялық одағы арасында берік қарым-қатынас орнаған. Партияаралық қаты­нас­тар Центристік демократиялық партиялар интернационалы шең­бе­рінде де дамып келеді. «Нұр Отан» Қазақстанда тіркелген Гер­ма­нияның халықаралық ұйым­дары­мен де өзара қарым-қатынас орнатқан. Нұрлан Нығматулиннің ай­ту­ынша, елдің әлемдік элитаға кіру жолындағы нық әрі екпінді қа­дамдарын қазақстандықтар, ең алдымен, Елбасы, «Нұр Отан» пар­тиясының Төрағасы Нұрсұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен және халықаралық беделімен байланыстырады. Қазақстан­ның 20 жылдағы жетістіктерін, Пре­зиденттің демократиялық және бәсекеге қабілетті мемлекет құрудағы рөлін Еуропадағы әріп­тестер де жоғары бағалайды. ГФР-дің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Гидо Херц­тің айтуынша, 2011 жыл біздің еліміз үшін тарихи маңызы бар кезең болып табылады. Себебі, биыл еліміз өз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуде. Тараптар кездесуде екі елдің әріптестігі жайлы ой-пікірлері­мен бөлісті. «Егемен-ақпарат».