• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Желтоқсан, 2017

Астанада жүрек-қан тамырлары ауруларының диагностикасынан тегін өтуге болады

287 рет
көрсетілді

11-15 желтоқсан аралығында қалалық № 2 ауруханада 40 жастан асқан азаматтарға арналған «Денсаулыққа бірге» акциясы өтеді деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Іс-шара Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылғалы отыр. Бағдарлама жүрек және қан тамырлары ауруларының ерте диагностикасын өткізуге бағытталған. 

60 жастан асқан азаматтар дәрігердің тегін қарауына бара алады. 50 жастан асқан азаматтар үшін келесі факторлардың болғаны абзал: холестериннің жоғары деңгейі, жоғары артериялық қысым, темекі шегу, тұқым қуалайтын жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары. 40 жастан асқан азаматтар диагностикадан қант диабеті ауруына шалдыққан жағдайда өте алады.

Жұмыс күндері сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін.