• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Желтоқсан, 2017

Терроризмге қарсы орталықтың кезекті отырысы өтті

270 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Консультациялық-кеңесші органның жұмысына Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары Ә. Әбдімомынов, Бас прокурор Ж.Асанов, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдері қатысты. Каспий теңізінің құрлық қайраңы шегінде орналасқан объектілерге қатысты террористік қауіп-қатерлерге ден қоюға мемлекеттік органдардың әзірлігі мәселелері талқыланды.

Терроризмге қарсы орталықтың басшысы ТҚО-ның 2017 жылғы жұмысын қорытындылады және келесі жылға арналған бірінші кезектегі міндеттерді белгіледі. ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.  

 

Соңғы жаңалықтар