• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Желтоқсан, 2017

Құрық портындағы автокөлік паромынан алғашқы қазақстандық жүк жіберілді

395 рет
көрсетілді

Каспий айдынына Құрық көпсалалы паром кешенінен экспорттық бағдарға алғашқы қазақстандық және транзиттік жүктер жіберілді.

Кедендік ресімдеуден өткізілген соң, алғашқы жүк тиелген 29 автокөлік, бос автокөлік пен бір жеңіл машина паромға тиелді. Тасымалданатын жүктер құрамында Қазақстанда және Орта Азияда өсірілген ауылшаруашылығы өнімдері мен құрылыс материалдары және басқа да тауарлар бар.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Бауыржан Орынбасаровтың айтуынша, Компания Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы тапсырмаларды орындауын жалғастыра түсуде. 2017 жылдың басынан бастапҚұрық теміржол паромымен 700 мың тонна жүк тасымалдау жоспарланғанымен, қазірдің өзінде 1 миллион 350 мың тонна жүк тасымалданды.

«Жаңа автокөлік паром кешені жылына екі миллион тонна жүкті өңдеуден өткізеді. Жаңа экспорттық-импорттық бағдар Кавказ, Түркия және Оңтүстік Еуропаға және кері қарай бағытталады»,- дейді Бауыржан Орынбасаров. 6 желтоқсандағы Жалпыұлттық телекөпір кезінде Құрық портында Каспий айдынына тестілік сынақ ретінде автокөлік пирсі гидротехникалық имаратымен автокөлік паромына кеменің кіруіне мүмкіндік әперген болатын.

Құрық паром кешені теміржол мен автокөлік жолы арқылы келіп, оны жерге түсірместен, бірден кемеге кіріп, тиеуге барынша қолайлы жағдай жасалған, ерекше, өзіндік заманауи теңіз инфрақұрылымы. Жаңа Құрық паром кешені еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін дамытуды жүзеге асырып жатқанЖаңа Жібек жолының маңызды тізбегі болып саналады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы