• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
11 Қараша, 2011

Бірқатар келісімдер ратификацияланды

313 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатында палата Төрағасы Қайрат Мә­мидің төрағалық етуімен кезекті отырыс болды. Күн тәртібіне сәйкес, депутаттар бірқатар халықаралық келісімдер мен шарттарды ратификациялау туралы заң жобаларын қарап, қабылдады. Олардың қатарында Қазақ­стан мен Сербия арасындағы Еркін сауда туралы үкіметаралық, Қазақстан мен Азия Даму банкі арасындағы қарыз туралы, Еура­зиялық экономикалық қоғамдас­тықта агроөнеркәсіптік кешен­дер­де пайдаланылатын ауыл­ша­руа­шылық техникасының, ма­ши­налардың, механизмдердің, жаб­дықтар мен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Есірткі құралдары­ның, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заң­сыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы арасындағы Алматы қаласында Орталықтың орналасу шарттары туралы Мәжіліс мақұлдаған келісімдер бар. Одан басқа Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жө­ніндегі кеңес Хатшылығының, он­ың персоналының және Ке­ңес­ке мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзге­ріс­­тер енгізу туралы хаттама, 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжым­дық қау­­іпсіздік туралы шарт ұйы­мының Жарғысына өзгерістер енгізу ту­ралы хаттаманы ратификациялау туралы заңдар қабыл­данды. Отырыста «Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық ак­тілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қарал­ды. Заң жобасы туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Би­сенғали Тәжияқов негізгі және Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Рашит Ахметов қосым­ша баяндама жасады. Бірқатар сұ­рақтар беріліп, заң жобасының қарастыратын мәселелері анық­тал­ған соң ол бірауыздан мақұлданды. Жақсыбай САМРАТ.