Президент Жарлығына сәйкес Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ҚХА мүшелеріне, этномәдени бірлестіктердің, шығармашыл және ғылыми зиялы қауымның өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.
«Парасат» орденімен «Дустлик» Қазақстан өзбектерінің этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» ЗТБ мүшесі Розақұл Халмұрадов, «Наири» Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Артуш Карапетян, қоғам қайраткері, «Ақмола-Бетон» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Рымбек Жүнісов марапатталды.
ІІ дәрежелі «Достық» ордені Қазақстан Республикасы «Оңтүстік Қазақстан облыстық грузин мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Заал Бочоришвилиге тапсырылды.
«Құрмет» орденімен «Қазақстан әзербайжандарының қауымдастығы Солтүстік аймақ және Астана қаласы бойынша» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Фаиг Махмудов, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті Дамир Султанов марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжінің оқытушысы Виталий Симаков, Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласындағы Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Гүлсім Дүкенова, Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі баспасөз хатшылығының меңгерушісі Қымбат Досжан марапатталды.
ҚХА-ның «Бірлік» алтын медалі Ақмола облысының «Зама» чешен-ингуш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Дин-Магомед Асаев, «Дуслык» татар мәдени-ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Яннат Низамутдиноваға тапсырылды.
ҚХА-ның Құрмет грамотасы мен алғыс хаттары «Арарат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гачик Григорян, Ақмола облысының татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Рафаил Сулькарнаев, «Сакина-KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Хусей Суровқа тапсырылды.
«Егемен-ақпарат»