• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Желтоқсан, 2017

Шығыста «Біз­дің жетістіктер – біздің елге» ат­ты ак­ция өтіп жатыр

411 рет
көрсетілді

Жұрт әдетте жеңілдіктердің тек Жаңа жыл қарсаңында ғана жасалатынына үйреніп қалған секілді. Алайда соңғы кездері кәсіп­керлердің Наурыз, Тәуелсіздік күні секілді жалпыхалықтық мерекелерге де бет бұра бастағаны қуантады.

Өскемен мен Семей қалаларының жас кәсіпкерлерінің елі­міздің ең басты мерекесі құрметіне орай «Біз­дің жетістіктер – біздің елге» ат­ты ак­ция бас­тағаны сөзімізге дәлел. 10-20 желтоқ­сан күндері аралығында өтетін ак­ция аясын­да бірқатар тауарлы бел­гінің өнім­дері арзан­датылған бағамен сау­далан­бақ. Бас­тамаға қатысатын фирмаларды «Қа­зақ­стан Республикасының Тәуелсіздік кү­ніне арналған жеңілдіктер» деген жазуы бар тақтай­шаларынан тануға болады. Атал­ған тақтай­шаларда тауарларға қатысты қа­рас­­тырылған жеңілдіктер жазылып тұруы тиіс.

«Бутигімді осыдан екі жыл бұрын ашқан­мын. Бүгін Тәуелсіздік күніне орай мере­келік жеңілдіктер акциясын өткізудеміз. Акция аясында желтоқсанның 10-ы мен 20-сы күндері аралығында біздегі костюмдер мен көйлектерді 30 пайыздық жеңілдікпен сатып алуға болады», дейді акцияға қатысуға ниет білдірген жас кәсіпкердің бірі Арман Төлеуханов.

Жас кәсіпкерлер облысымыздың барлық кәсіпкерлерін аталмыш бастамаға қолдау білдіріп, мереке күндері жұртшылыққа же­ңілдіктер жасауға шақыруда.

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН