• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Желтоқсан, 2017

Атыраудағы 39 көшеге жаңа жарық жүйесі орнатылады

326 рет
көрсетілді

Жарықтандыру мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында жүзеге асуда.

Осы жылдың 5 шілдесінде Атырау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен «Батыс транзит» акционерлік қоғамы арасында «Атырау қаласының көшелерін жарықтандыру желісін салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы алғашқы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісім шарты жасалған болатын.

Жоба шеңберінде 2017 жылдың желтоқсан айының соңына дейін және 2018 жылы Атырау қаласының 39 көшесіне 2816 жарық шамдарын орнату жоспарланған. Жарықтандыру барысында жаңа технологиялар мен заманауи LED- жарық шамдарын орнату ескерілген. 

Қазақстан Республикасы тəуелсіздігі мерекесі  қарсаңында қала және қала маңындағы бес көшеге: облыс орталығындағы Берғалиев көшесінен Баймұханов көшесіне дейін, Водников ауылындағы Первомайская көшесіне, Проезд-1, Қарабау көшелеріне, Көкарна ауылындағы 13 көшеден 7 көшеге дейін, 7 көшеден 12 көшеге дейін жарық шамдары орнатылады.

Аталған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы Атырау қаласында жаңа технологияларын енгізу, пайдалану шығындарын азайту, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жоғарылату мен жайлылық жасауына, қылмыс санын азайту мен жол қауіпсіздігін жоғарылатуға бағытталған.

Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан»