• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Желтоқсан, 2017

Петропавлда заманауи сауда-ойын-сауық кешені ашылды

755 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік күні облыс орталығында «City Mall» сауда-ойын-сауық кешені бой көтерді. 

Оның аумағы 25 мың шаршы метр аумақты алып жатыр.  Құрамында  кинопарк, мейрамхана, дәмхана, фуд-корн, боулинг, батут орталығы бар. Авотұрақ 500 көлікке шақталған. Бірінші, екінші  қабаттарда тұрмыстық, өндірістк тауарлар дүкендері, супермаркет, үшінші қабатта ойын-сауық орталығы орналасқан.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов қала жұртшылығын осынау маңызды обектінің пайдалануға берілуімен құттықтап, тағы бір ірі сауда орталығы  келесі жылы қолданысқа берілетінін жеткізді.

«МДМ» сауда компаниясының  құрылтайшысы Мехти Дадашовтың  айтуынша   2,7 миллиард теңге инвестиция тартылып,  600 адам жұмысқа орналасқан. Алдағы уақытты бір мың адам жұмыспен қамтылатын болады. 

Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы.